Сұхбат беруші өз ойын жеткізу үшін айтылу мақсаты мен құрылысына қарай қандай сөйлем түрлерін көбірек қолданған? Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер. ӨНЕРТАПҚЫШ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАР ТАЗАЛАЙТЫН ҚҰРАЛ ОЙЛАП ТАПТЫ Тұрмысқа қажет шағын инновациялық құралдар еңбек өніміділігін арттырады. Инновациялық технологиялар мен стартап жобалар мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Аталған саладағы тың әзірлемелерге қайтарымсыз гранттар да қарастырылған. Идеясы бар жастар мен өнертапқыштарды қолдау шаралары қолға алынып отыр. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері – «Bumsistems» конструктор бюросының бас директоры Мәдина Жәнібек. Компания өнертапқыштары адамның күнделікті кәдесіне жарайтын құралдарды ойлап тапқан. – Мәдина ханым, компанияңыздың мамандануы жайында айтып кетсеңіз. – «Bumsistems» идеялар генераторы, бағытымыз – инновациялық технологияларды әзірлеу. Компаниямыз – зияткерлік конструкторлық бюро, инновациялық бағытта бұрыннан қызмет етеді. – Жобалар қай салада сұранысқа ие? Соңғы өнертабыс түрі қандай? – Ойлап тапқан құралдарымыз халық кәдесіне жарайтын, күнделікті тұрмыста қажетті заттар. Соңғы үш инновациялық жобаны атап өтсем болады. Біріншісі – ұшатын аппараттардың апаттық жағдайда қонуы бойынша инновациялық патент. Екіншісі атпен жүруде қауіпсіздікті сақтайтын құрылғы патенті. Үшінші халыққа маңызды жоба – аула, тротуар, жолдарды қар мен мүздан тазалауға арналған портативті құралдар. – Бұл өнімнің ерекшелігі неде? – Басты ерекшелігі – біз қоршаған ортаға зиян келтіретін заттарды қолданбаймыз. Жоба барысында жасыл технологиялармен нанотехнологиялар пайдаланылды. – Халық қашан тұтына алады? Жаппай сатылымға қашан шығады? – Құрылғы барлық зертханалық сынақтардан өтті. Нәтижелер өте жақсы. Қазіргі таңда жекелеген бөлшектерді жасау мақсатында отандық зауытпен келісім-шарт жасалды. Алғашқы 100 даналық партия қараша айында шығады. Қыс айларында жоғары сұраныс болады деп күтілуде. – Бағасы қанша болады, шағын ұйымның қалтасы көтере ме? – Аппараттың өзіндік құны: 340-350 мың теңге. Біз бағаға зияткерлік меншік пен қосымша шығындарды салып отырған жоқпыз. – Технологиялар жайын айтсақ, елімізде мұндай ғылыми жаңалықтар аз. Заманауи ғылымға қандай баға бересіз? – Отандық білім мен ғылым кеңістігінде жоғары математика, кибернетика институттарын құру қажет. Ел экономикасының дауына техникалық мамандар керек. Қазір екінің бірі заңгер мен экономист, ал нағыз технологияны меңгерген инноваторларды саусақпен санауға болады. Ал менің мамандығым – педагог. – Компанияның жақын арадағы жоспары қандай? – Қазір қалаларды пластик шөлмектерден тазартушы құралды әзірлеп жатырмыз. Қоқыстан құтылу әлемдік проблема. Әзірге ірі технологияларға бармай, халыққа қажетті шағын аппаратарды қолға алып отырмыз, құралдардың сыртына «Qazaqstanda zhasalgan» деп жазылады. – Сұхбатыңызға рахмет! Хабарлы, жай Лепті, құрмалас Хабарлы, лепті, жай
Отбасы ар адам ушун бир кала сиякты. Оны камкор атамыз баскарады. тарбие береди. улкендердин айтканын истеп курметтеп журсек отбасымыздан еш кашан тыныштык кетпейди.журеги кен атамыз апаларымыз бар болса отбасымызды берекеде болады. акемизге келсек ол узагымызды жакындатып беретин адам киындыкты женилдетип беретин адам. анамыз бар екен ешкимнен кем болмайтынымыз анык. жаман болмайтынымыз анык ойткени еш кайсы бир ана баласына жамандык тилемейди. отбасымызда улкендер бар екен береке бар тыныштык бар. ал синилимиз инилеримизге келсек олар биздин жакындарымыз ар кезде комектесетин адамдарымыз. ертен ертен экемизден кейин бизге аманат болым калатын бауырларымиз. улкейип ар биримиз оз жолымызга ккеткен кезде басымызга киыншылык туссе бирден келип жардем беретин жанымызда болатындар солар. Отбасымызды асрайык абайлайык.
Жеті,үш және жиырма бір. Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку