1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. (40-бет, 2-тапсырма) (Прочитайте текст. ответьте на вопросы.)
Елімізде бірнеше танымал әрі табиғаты әсем таулар бар. Түрген шатқалы, Сарыарқа, Мұғалжар, Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы – Қазақстандағы белгілі таулар. Сарыарқа орталық Қазақстанда орналасқан. Орташа биіктігі – 500-600 метр, Сарыарқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажай аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «қазақстандық Швейцария» деп атайды. Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Маңғыстау таулары Каспий теңізіндегі Маңғыстау жартыаралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым.
В нашей стране есть несколько известных и красивых гор. Тургеньское ущелье, Сарыарка, Мугалжар, Алтай, Тянь-Шань, Джунгарский Алатау – известные горы Казахстана. Сарыарка расположена в центральном Казахстане. Средняя высота 500-600 метров, главная жемчужина Сарыарки - курортная зона Боровое. Местные жители называют это место «казахстанской Швейцарией». Мугалжар - невысокий горный хребет, южный отрог Уральских гор. Самая высокая точка Мугалжара - гора Большой Боктыбай (657 м). Горы Мангистау находятся на полуострове Мангистау на Каспийском море. В их состав входят западные и восточные хребты Каратау, южные и северные хребты Актау. Длина Каратау - 117 км, длина Актау - 70 км.
Сұрақтар:
1. Елімізде қандай танымал таулар бар?
2. Сарыарқаның негізгі жауһары не?
3. Мұғалжар қандай тау?
4. Мұғалжардың ең биік нүктесі қалай аталады?
5. Қаратаудың ұзындығы неше шақырым?
ответьте на вопросы