Бүгін мамыр айының 2-інші жұлдызы. Ауа-райы өте тамаша. Осы сәтті пайдаланып, мен достарыммен табиғат аясында болуды шештім. Біз әдеттегідей жоспар құрып алдық. Алдымен, барлығымыз керек заттарды дайындадық. Әрқайсысымыз анамыздың дайындап берген асын алып шықтық. Содан соң қаладан онша алыс емес тоғанға бардық. Барлығын жайғастырып, айналаға зер салып, біраз отырдық. Табиғат өте керемет! Барлығымыз тамсанып, кішкентай жәндіктерді біраз қызықтадық. Тамақтанып алған соң, ойын қуып күннің қалай ұясына батуға таман қалғанын түсінбей дал болдық. Үйге келген соң ата-анамызға болған жайдын барлығын айтып, барлығымыз тағы бірде шығуға уәделестік. Табиғаттың кереметтігі соншалықты, көз тоймайды!
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.
Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...
Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адамболу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады.Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":
"Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.