KrasnovaLu82
09.01.2021 03:50

Дам 15 б только правильно 65 бет 7 тапсырма

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
reded5610
05.05.2022 18:03
Қазақстандағы орта білім міндетті болып табылады және жалпы орта, бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді қамтиды. Бірінші сыныпқа 6-7 жас аралығындағы балалар қабылданады. Қазақстанның орта жалпы білімі 3 деңгейден тұрады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар) және үлкен (10-11 сыныптар). Дарынды студенттердің толық әлеуетін дамыту үшін дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары әзірленуде.

Қазақстанда бастауыш кәсіптік білім беру жалпы орта білім негізінде кәсіптік мектептерде және кәсіптік лицейлерде 2-3 жыл бойы сатып алынады. Орта кәсіптік білім 3-4 жылда колледждер мен негізгі жалпы білім негізінде конкурстық негізде алынады.
Қазақстандағы жоғары білім.
Қазақстанда жоғары білім орта білім негізінде жүзеге асырылады. Университетке түсу үшін мектеп бітірушілері бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (өткен жылдар түлектері үшін) түрінде түсу емтихандарын тапсырады. Қазақстанның азаматтары конкурстық негізде шетелде оқуға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құқылы. Университеттің түлегі бакалавриат (4 жыл), мамандығы (5 жыл) немесе магистр (6 жыл) алады. Қазақстанда екінші жоғары білім тек жеделдетілген оқу кезеңімен (2-3 жыл) ақылы негізде алынады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Kulichok14
20.01.2021 18:44

Тақырыбы: Қазақ ғарышкерлері

Тақырыбы: Қазақ ғарышкерлеріСөз : 250 ден аса

Ғарышкерлер күні

1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.

Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.

1991 жылы 2 сәуір айында Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығынан өткен Тоқтар Әубәкіров сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Т.Әубәкіров Кеңес Одағының батыры және Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атақтарының иегері.

Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты. Ол 1994 жылы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» экипажының борт инженері ретінде ғарыш сапарына аттанды. Оның әр жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақтығы бір жылға жуық уақытты құрады. Т.Мұсабаев 2001 жылғы ғарыш сапарында Америка Құрама Штатының миллионері, ғарышкер-турист Денис Титомен бірге ұшты. Т.Мұсабаев Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан ғарышкер. Ол Ресей Федерациясының батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы».

2015 жылдың қыркүйек айында қазақ елінің үшінші азаматы Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Ол Қазақстан атынан халықаралық экипаж құрамында ғарышты бағындырған Тұңғыш ғарышкер-ұшқыш. Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы». Ғарыш әлемінде болған 9 күн, 20 сағат,13 минутта тапсырылған ғылыми жұмысын, әсіресе Каспий теңізі мен Арал көлі маңының экологиялық жағдайына байланысты зерттеулерін жүргізді.

Осы Әлемдік даталы күнге арнап РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырды. Ғарыштың негізін салушы орыстың ұлы ғалымдары Константин Эдуардович Циолковский және Сергей Павлович Королевтың ракеталық техника мен аспан әлеміне саяхаттар теориясына арналған ғылыми еңбектері, космос кеңістігін зерттеу және оны игеру жолдарына арналған еңбектермен танысуға болады. Кітап көрмесіне космос әлеміне алғаш рет жол салған №1 космонавт Юрий Гагарин және басқа да халықаралық экипаждар туралы көптеген қызықты материалдар қойылды.

Қазақстанда космос кеңістігін зерттеу туралы жазылған ғылыми еңбектер, еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, халық батырлары Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтердің өмірі, қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы да материалдармен таныса аласыздар.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота