осынау жалғанда ақшамен бәрін сатып алуға мүмкін деген көзқарас мүлде қате. ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер де бар. оны баршаңыз жақсы білесіздер. әйтсе де құмға сіңген судайын ақылыңызды жұтып, қолыңызды мезгіліңізден кеш қалғандай кейін сермеп қалмаңыз. уақыт оныңызды кешірмейді әсте. сондықтан, қанша жерден «ақша-құдай» билеген заман десек те, ақшаны алдыңғы орынға шығарып, өз бойыңдағы асыл құндылықтардың шырағын қайта жанбайтындай етіп өшіріп алма! осы тұста ақшаға қатысты айтылған қытайдың мына мақалын назарларыңызға ұсынғалы құп көріп отырмыз.
ақшаға баспана сатып алуға болады, бірақ «үй» сатып ала алмайсың;
ақшаға сағат сатып алуға болады, бірақ «уақыт» сатып ала алмайсың;
ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ жайлылық сатып ала алмайсың;
ақшаға кітап сатып алуға болады, бірақ мәдениет сатып ала алмайсың;
ақшаға дәрігерді сатып алуға болады, бірақ мықты денсаулық сатып ала алмайсың;
ақшаға дәреже сатып алуға болады, бірақ құрмет сатып ала алмайсың;
ақшаға қан сатып алуға болады, бірақ өмір сатып ала алмайсың;
ақшаға құмарлық сатып алуға болады, бірақ махаббат сатып ала алмайсың.
Байқоңыр ғарыш айлағы.
Байқоңыр ғарыш айлағы еліміздің Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Байқоңыр - әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады.
Байқоңырдың іргесі 1955 жылы қаланып, 1957 жылдың 4 қазанда тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылған болатын. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарған. Ал, 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Бұдан кейін де Байқоңыр ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, түрлі орбиталық станциялар, жұмыстар жүргізуге арналған, байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған түрлі зымырандар ұшырылды. 50 жылдан астам уақыт ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты
Байқоңырды салар кезде бұл жерді таңдаған себептердің ішінде экватор жазықтығына жақындық, өзге елді – мекендерден қашықтығы, ракета ұшырудың қауірсіздігі секілді себептер негіз болды.
1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала.