АЙТЫЛЫМ 7. -тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, диалог құрыңдар. 1. Ақын неге өзін «таулықпын» деп атайды? 2. Тауды неге теңейді? 3. Ақын өзін қалай сипаттайды? 4. Тау ұлында қандай қасиет болуы керек? 5. Өлеңде тау ұлының қандай қасиеті сипатталған?
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі катал, қатыгез адам болса, шешесі Ұлжан қайыр ымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, Абай тәрбиелеп отыр ды.13жасында Абай ды әкесі бұл оқудан да шығарып алады. үш ай орыс мектебінде оқиды. Абайдың "Болыс болдым мінекей","Сегіз аяқ","Интернат та оқып жүр"деген өлеңдері болыс-билерді қатты сынға алады.Абай 1904 жылы қайтыс болды. Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов "Абай жолы" эпопеясын оны ақын өміріне арнады. Абай-Қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы және жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ (А.С. Пушкиннен) рет оқылды Амал жоқ — қайттым білдірмей, Япырмау, қайтіп айтамын? Қоймады дертің күйдірмей, Не салсаң да тартамын. Талапсыз, бақсыз мен сорлы Еріксіз аттап ұяттан, Қорлыққа көндім бұл құрлы, Байқалар халім бұл хаттан. Әлімше мен де ұялып, Білдірмен дедім өлсем де, Шыдар ем күйіп мен жанып, Айында бірер көрсем де. Болмады көріп қалуға, Есітіп біраз сөзіңді. Шыдар ем бір ай жатуға ¥зақ түн жұмбай көзімді. Қызықтан қашып бұл жерге Көңліңіз суып келіпсіз. Мәнісін сұрап білуге Тілдесе алмаймын еріксіз. Келмесең егер сен бізге, Сау болмас па ем, әлбетте? Болмасам ашна мен сізге, Түспес ем мұндай бейнетке. Асау жүрек қайнамай, Жуасыр ма еді кезінде? Елден бір жақсы сайламай, Бармас па ем ерге өзім де? Өзгеге ешбір дүниеден Еркімен тимес бұл жүрек. Әзелде тағдыр иеден, Қожам — сенсің, не керек. Тіршілігім — құрбандық, Шыдамай сені көргенше, Тәңірімнен келген бұл жарлық, Ием — сенсің өлгенше. Әуелде кірдің түсіме, Ортақтасып өміріме. Толғау салып ішіме, Сол күнде-ақ жақтың көңліме. Қүдайдан болғай деп емі, Құдайыны мол бердім. Көрген жерде-ақ мен сені, «Осы екен ғой — сол», — дедім. Жатқан сайын ұйқыға Дұға оқушы ем, шошынып. ¥натып мені құлқыңа, Жүруші едің қосылып. Түсімде мені жұбантып, Жылы сөзбен сөйлесіп, Кетуші едің қуантып, Қалушы еді көңіл өсіп. Шыныңды айт, кімсің тербеткен, Иембісің сақтаушы? Әлде азғырып әуре еткен Жаумысың теуіп таптаушы? Шеш көңлімнің жұмбағын, Әлде бәрі — алданыс. Жас жүрек жайып саусағын Талпынған шығар айға алыс. Не болса да, өзімді Тапсырдым сізге налынып, Толтырып жасқа көзімді, Есірке деймін жалынып. Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? Жақтырмай бұзсаң нұрымды, Білдірмей күйін өтейін. Күтемін сізден қайта хат, Қуандырып дертім жаз. Ол болмаса, шыныңды айт, Кінә өзімде, өзіме аз. Өз хатыма өз көзім ¥ялып, қорқып баға алмас Кепілім менің — бір өзің, Бөтен жан тесік таба алмас. Толық нұсқасы: http://abai-inst.kz/?p=743 | Абай институты
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку