1-тапсырма. Мәтінді бір оқушының мәнерлеп оқуынан тыңда. Интона- ция, кідіріс, логикалық екпін түсетін тұстарын ажырат. «Досым, сүйікті досым!». Шын жүректен қадірлеп, жақсы көрген адамыңа хат жазсаң, яғни сағына тіл қатсаң, осы сөз кеп аузыңа тү- седі. Бұл сенің өзегіңді жарып шығады. Ең жақсы, ыстық сезімді бейнелейтін осы бір сөз қандай мағына лы, қандай асыл еді дейсің! Шынында, достасу, дос болу - өміріңнің қызығы ғой. Жолдасы, досы жоқтың өмірі еш. Жалғыздықтың күні қараң. Достық шынайы асыл сезім. Достық сезімге көтерілу адамгер- шiлiк жақсы қасиеттерге, кіршіксіз махаббатқа бөлену екенін сен жақсы білесің, оқушы! Достық жүрген жерде жалған сезімге орын жоқ. Жеке адамдар арасында болатын достықтың биік мұнарасы да Маркс пен Энгельстің достығы.