Қазақтар шаңырақты бұрыннан сыйлап келген.Ұл баласы ер жетсе бір шаңырақ иесі деп санаған.Ата-анасының шаңырағым да ең кіші ұлы қалады.Ол ата-анасының қартайған шағында қамқоршы болатын ұлы болады.Сондықтан қазақ халқы ең кенже ұлын шаңырақ иесі деп есептеген. Шаңырақта қалған ұлдың міндеті əке-шешесі қайтқанша қасында болып қамқорлық көрсету.Сол шаңырақты мықтап ұстау ,тоздырмау, қонақжайлы болу.Ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған үйді киелі тұтып оған құрметпен қарау.Əке-шешесі қайтқаннан кейін де ұлдары мен қыздары қара шаңыраққа деген қамқорлық тарын үзбейді.Ағайын арасындағы татулық қара шаңыраққа деген құрметтерінен білінеді.Туған туыс жиналады да осы қара шаңыраққа жиналады.
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс...