lixonilya
03.05.2023 16:42

добрые люди
1-тапсырма. Төмендегі диалект сөздердің әдеби баламасын жаз.
Нән, әйдік, шырпы, оттық, жуалдыз, чербек, борми, алажақ, бережақ, күн баю, айылдап келу,

2-тапсырма. Сөйлемдердегі кірме, жаңа, қөнерген сөздерді тауып, 3 бағанаға бөліп жазыңыз.

Бақа - көлінде патша, балық - суында патша, жігіт елінде - патша.

Қонысбек банктен несие алып, соның ақшасына қолхоздан жүз бас қой сатып алды.

Ұлы актриса, ғажайып әнші Күләш Байсейітова - өзінің қысқа ғұмырында өзінен кейінгі буынға белгілі бір дәстүр қалыптастырып кеткен теңдесі жоқ суреткер.

Орамжапырақ баубақшада өседі.

Клуб сахнасында тал шыбықтай майысқан нәзік денелі, сүйкімді қара көзді жас қыз шығып, ән салды.

Кітап – білім бұлағы.

3-тапсырма.Төмендегі сөздерден жаңа сөздерді теріп жаз.

Мектеп, карта, телевизор, аялдама,  кеден, өнеркәсіп, қағаз, оқулық, ба з, ғарыш, әмбебап,  желтоқсан  айы,  сынып,  қорғаушы,  сұраныс,  тапсырыс,  асаба, оқушы, ұстаз.

4-тапсырма.Тәуелсіздікке  байланысты  кірген жаңа  сөздерді  қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпта  мәтін құра.

 

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
metelyovavickt
06.11.2022 06:02

Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.

А өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек. Отбасы – баланың эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Ата-анасы балаға тәлім-тәрбие береді, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы – үлкен өмірге дайындайтын мектеп. Ал сапалы «білімді» қайдан, қандай ортадан алуға болады? Әрине, өзара гармонияда, бақытты ортада өмір сүретін, сол бақытты жасай алатын адамдардан алады. Осындай бірлігі жарасқан отбасынан шыққан адам ғана өзінің отбасын бақытты ете алады, өмірде жолы болатын тұлға ретінде қалыптасады.

Менің де отбасым ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда қорған болар әкешім, әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларымның ортасындамын. Таңертең анам бетімнен сүйіп оятады, сабақтан қайтқанда да солай. Кейде туған үйімнің жылуы анашымның ыстық құшағында шығар деп ойлаймын. Ал әкем – үйіміздің тірегі, біздің сапалы білім алуымыз үшін, көйлегіміздің көк, қарнымыздың тоқ болуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жан.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ep1cook1e
06.11.2022 06:02

1.

SAT1 — қорытынды баллы 1586 құрады, әлемде орташа балл 1200 (ең көбі 1980)

SAT2 — орташа балл - 1720, әлемдегі орташа балл 1250 (ең көбі 2200)

IELTS — орташа балл - 6,2 (5,7 өткен жылы)

2.

Бірінші модель — жаратылыстану-математика бағыты

Екінші модель — халықаралық бакалавриат бағдарламасы

3.

Физика, математика, химия, биология

4.

Гарвард, Оксфорд, Кембридж

II

Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.

Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.

Туады ерлер ел үшін,

Өлмейді ісі мәңгілік.

Өшпейді абзал есімдер,

Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота