zackiminecraftc1
09.03.2022 23:07

текстАуыл - дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж. Әбдірашев: «Ауыл қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл - әр халықтың, соның
ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен
жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың
бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді
қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз - сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат
болу, «Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі - тірлік» деген мақал ауылдың этникалық,
экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары кала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым,
жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр,
әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте
тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ
тұндырады. Қаптаған халық, у да шу, Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ
көбіне өзімшіл болып ​


текстАуыл - дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж. Әбдірашев: «Ауыл қаланың анасы, ан

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
megan99
21.02.2020 01:17

Біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырларда тұңғыш рет асау тұлпарды тізгіндеп, даланың ерке тіршілік иесін елден бұрын ерттеп мінген, VIII-IX ғасырларда Ақыртастай жауһар қаланы салып, қыр астынан құбыр тартып, Мұзарттың мөлдір, бұлақтың бал суын тұтынған бабалардың даналығында шек жоқ. Бұл жайында күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты маңызды мақаласында да айтылды. «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.

Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты» деді Ұлт көшбасшысы бұл туралы. Сонымен қатар рухты жансыздандырып, ғұрыпты материалдық дүниелерге тәуелді етуді көксеген нарық заманында әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абайдай тағдырлы тарихымыздың тау тұлғаларын да тілге тиек етті. Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әпсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталатын «Дала фольклорының антологиясын» жасауды тапсырып, міндеттеді. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп қорытындылады Мемлекет басшысы мазмұнды мақаласын. Яғни, түп-тамырымыз, бастау-бұлағымыз болған ұлттық құндылықтарымызды асқақтата ұлықтайтын кез жетті деген сөз.

Тарқатып айтсақ, ұлт – ұл, перзент деген түбір сөзден құралған. Ұлдың мағынасы баршамызға белгілі. Ол ел қамын жейтін азамат болса, бүкіл елдің де ұлы. Ұл – түбірінен ұл мен қыз, ұлан, құлан, құлыншақ, ұланақ, ұлы, ұлық, ұлықтау, ұлыс деген сөздер дүниеге келді. Ұлы сөзі кез келген жақсы ұғымның апогейін білдіреді. Мысалы, ұлы дала, ұлы адам, ұлы тұлға, ұлы тау деп жалғаса береді. Демек, ұлттың аты артына арлы, иманды ұрпақ қалдырған, халқына қаяусыз қызмет еткен, жақсы ісімен ұрпағына үлгі болған сонау түкпірдегі Ұлы Атамыздың аты. Ал салт – ата салты. Ата-әжені сыйлаудан басталып, соңы әкені, ағаны және әрбір қазақ баласы өзінен үлкендердің бәрін құрметтеумен жалғасады. Мен қазақпын деген жанға бұл қағида ешқашан өзгермейді. Һәм тілі мен діні, дәстүрі де оның ажырамас бөлігі. Сол себепті, бабаларымыз бізге «Тілің тұғырың, дінің – діңгегің» деген ұлағатты өсиет қалдырған. Мұны әрбір қазақ азаматы бес саусағындай білуге және оны көзінің қарашығындай сақтауға тиіс. Онсыз біртұтас қазақ ұлтын сақтау – утопия. Жер бетінен ғайып болған ұлттардың бәрі осындай қарапайым қағиданы ұстана алмағандықтан жойылғанын ұмытпаған абзал.

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», – деп Мемлекет басшысы айтқандай, бүгінгі ұрпақ бабалардың алдындағы рухани борышын адал өтеуге жауапты. Осы орайда, дана халқымыздың «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген терең мағыналы сөзі ешқашан өз маңызын жоймайтын тұжырым. Қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» десе, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» – деп тайға таңба басқандай ақиқатты шындықпен нақтылаған болатын.

Осындай текті тұлғалардың бүгінгі ұрпағы, қазіргі жастар сол ұлттық құндылықтарды қаншалықты қадірлеп жүр? Салт-дәстүрді қаншалықты біледі, ұстанады? Елінің әдебиеті мен мәдениетіне, руханияты мен тарихына қалай алаңдайды? Бір сөзбен айтқанда, олар үшін ұлттық құндылық дегеніміз не? Сананы тұрмыс, моральді материализм билеп-төстеп тұрған бүгінгі нарық заманының жастарына осындай салмақты сауалдарды қойып, ой-пікірлерін білдік.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
долма1
14.08.2022 13:45

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.Түрлі халықаралық турнирлерде өзімен тең түсетін қарсыластарымен шыққан ұзақ та, титықтатқан күрестер, содан кейінгі Одақтық біріншіліктегі чемпион атанған табысынан кейін ғана Ж. Үшкемпіров, өмірінде бірінші рет Олимпиада ойындарына кандидаттық жолдама алды. Ж. Үшкемпіров бар күш-жігерін Москвада өтетін Олимпиадаға қатыстуға жұмсады. 48 кг салмақта классикалық күрестен төрт адамның кандидатурасының ішінен аз ғана арасалмақпен алға шыққан Жақсылықтың кандидатурасы өтті. Бұл қиын жарыста тек Ж. Үшкемпіров қана жеңетінін басшылыққа дәлелдеген жаттықтырушы Вадим Александрович Псарев болды. Олимпиаданың бірінші күнгі жеребе салу рәсімінің нәтижесінде Жақсылық бірінші айқасқа ең күшті әлемнің екі дүркін чемпионы румын шебері Александрумен түсетін болды. Бұл сәтте де оны қолдап, көңілін көтерген Валерий Резанцев пен Вадим Александрович Псаревтар болды. Олимпиада күндері Ж. Үшкемпіров чемпиондыққа үміткер қарсыластары: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді шебер техникасымен, шапшаңдығы және төзімділігімен жеңіп шықты. Осылайша қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота