Диалог - Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың? - Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан. - Неліктен? Бұл сан туралы не білесің? - Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты. Сен үшін қандай сандар қасиетті? - Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін. - Бұл санның қандай қаситеі бар? - Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар. - Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр. - Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.
Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).Зәресі ұшты (қорықты) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды)Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді)Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті; әсем, т.б.Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сөкті, балағаттады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку