Можете половину записать Қыс Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес
Қыс.Даланы аппақ қар жапты.Анда-санда күн борап тұрады.Дала сондай бір тамаша күйге бөленген күйін айтсам сенбейсің, керемет көз жауын алады.Енді сол аппақ кілем үстімен жүрсең көңілің бір көтеріліп қалады.Шанамен сырғанау,шаңғы тебу,мұз үстімен жүру,қар үйін жасау сияқты қыс қызықтары жетіп жатырлық.Қыстың тағы бір көркі аққала. Аққала жасағанға не жетсін. Қыстың келгенін сол білдіреді. Аққаланы жасау оңай. Оны жақсы етіп безендірудің өзі бір ғанибет. Қысты сипаттап әңгімелеу сол мезгілді көз алдыңа елестету дегенмен бірдей. Осындай қызығы мол қысты қалай жақсы көрмейсің?!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку