Объяснение:
Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Әсіресе, бала тәрбиесі. «Адамның бір қызығы бала деген…», «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім деп» Абай айтқандай, адам қашанда ұрпағымен қымбат.
Білім тәрбие арқылы беріледі
«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген халық ұрпағының өсіп-жетілуіне, тәрбиесіне барынша жағдай жасауға тырысқан.
Ал тәрбие, тал бесіктен емес, құрсақтан басталады. Оның себебі, болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты – болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі білім тәрбие арқылы беріледі.
Қазақ күйлері мен күйшілері
Күй - бұл қазақтың көне заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен ең киелі де қастерлі өнері. Ұлы күйшілер: Қорқыт, Асанқайғы, Қазтуған, Құрманғазы, Дина.
Олар сан ғасырлық тарихымызды домбыра үні арқылы жеткізе білді. Күйдің түрі көп. Сарыарқа, Аман бол, шешем, аман бол, Сылқылдақ, Қара жорға, Балбырауым. Т. б.
Қазақ аналарының арасынан тұңғыш күйші болған Дина Нұрпейісова. Ол біздің мақтанышымыз. Сол Дина анамыздың жолын жалғастырушы қазіргі атақты күйші, ол да сол топырақтан туып өскен асыл апамыз Айгүл Үлкенбаева. Екеуі де бір өлкеден туып өскен біздің жерлесіміз деп мақтан етемін. Және, сол топырақтың күй атасы құдіретін жарататын қасиеті бар ма, деп те ойлаймын. Өйткені, күй атасы Құрманғазы да, «Қазақ күйінің Қаршығасы», заңғар күйші Қаршыға да Атыраулық.
Қазақ күй мен күйшілерінің сырын ұғыну үшін кейде күй әлеміне саяхаттағым келеді.
Объяснение:
тексерілмеген:)