kamilla169
22.09.2021 11:27

Наша страна расположена на равнинк только в некоторых местах есть горы если бы наша страна распологалась только в горах какие были особыность ? Напиши своё мнение

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
АбзикВ
24.07.2020 15:11

Адамның қалаған нәрсеге қол жеткізе алмауының себебі көбінесе жағдайлар емес, сонымен қатар мүмкіндіктерімізден толықтай пайда көруге кедергі жасайтын ішкі сеніміміз.Адамның мүмкіндіктері іс жүзінде шектеусіз.Ия,сіз өзіңіз қалаған нәрсеге ие бола аласыз:денсаулық, бақыт,мансап және т.б

Біздің қабілеттеріміз қайда жасырулы? Әрқайсымыздың ішімізде деп ойлаймын.Бұл - біздің миымыз. Ғалымдар дәлелдегендей,тіпті ең танымал ойшылдар оны 25% ғана пайдаланады екен.Қалған 75% қолданылмайды.Миымыздың көп қорын қолдану мүмкіндігі бізге не береді? Сіз таңқаларсыз, бірақ бұл адамды құдіретті етеді.

Миымыз біздің ойлау процестерімізді басқарғандықтан,мұнда әртүрлі деструктивті ойлар мен теріс көзқарастар болады.Және бұл дегеніміз,біз ішінен өзіміз қалаған нәрсеге жету мүмкіндігінен айырылып, өзіміз қалаған адам болуға кедергі жасаймыз.Біздің миымызда: "Мен ешқашан істей алмаймын ...","мен жеткілікті түрде жақсы емеспін...» және тағы басқалар сияқты ойлар бар. Бірақ тәжірибе көрсеткендей адам осындай күмәндардан айрылса,өзіның биікке қалай көтерілгенін де байқамай қалады.Бұған мысал ретінде, Гиннестің рекордтар кітабындағы көптеген атақты адамдардың іс-әрекеті.Өткен ғасырда өмір кешкен Трояны ашқан ғалым Шлиман 22 тілді білген екен. Моцарт 5 жасында симфония жазса,тас керең Бетховен өлмес классикалық музыкалық шығармалар қалдырды.Олардың құпиясы қарапайым:олар өздерінің қабілеттеріне күмәнданбаған.

Және бұл адамның физикалық қабілеттеріне де қатысты.Көпшілігіміз ауыр машина көтеру үшін жеткілікті физикалық күш сезінбейміз.Бірақ дөңгелектің астына түсіп қалған балаларды құтқаруға тырысатын аналар ауыр автомобильдерді өз күштерімен көтерген жағдайлар бар.Олар күнделікті өмірде бұны ешқашан істей алмаған еді,бірақ стресстік жағдайында баламды құтқарам деген оймен олардың барлық шектеулі көзқарастары жойылып кеткен.Осындай мысалдар өмірде өте көп.

Қорытындылай келе,біздің санамыздағы шектеулерді өзге емес,өзіміз орнатамыз.Біз өзімізді жеткіліксіз талантты, табысты,күшті, бақытты деп санамаймыз.Осындай кедергілермен күресуге,оларды керісінше ауыстыруға және осылайша қажетсіз кедергілерді жоюға болады. Біз өзімізді өзіміз ғана жаратамыз және біздің болашағымыз тек өзімізге байланысты.

0,0(0 оценок)
Ответ:
юлия30885
06.03.2022 01:14

Астана мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтайды 2013 жылғы 27 қыркүйек 23:14 Бөлісіңіз: АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - 28 қыркүйекте сағат 12.00-де Конгресс- холда мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында концерт өтеді. Бұл күні мәдениет қызметкерлері Астана әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталады, деп хабарлайды елорданың ресми сайтынан. Қазақстанда аталмыш мереке Мемлекет басшысының жарлығымен өткен жылдан бастап қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Бұл - бүкіл сала қызметкерлері үшін маңызды шара. Соңғы жылдары Астанада өткізілген жаһандық мәселелер талқыланып, маңызды шешімдер қабылданып жүрген халықаралық іс-шаралар елорданың бейбітшілік және келісім орталығы екенінің дәлелі болып табылады. Астана да еліміздің мәдени ордасы және мәдениет алмасуларды басқаратын коммуникациялық орталық атануға лайық. Жыл сайын қалада 8 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізіледі. Оны 2,5 миллионнан астам көрермен тамашалайды. Қазақстанның астанасында республикалық және халықаралық маңыздағы кездесулер мен форумдар жиі өткізіледі, онда мәдени іс-шаралар да ұйымдастырылады. Өнер қайраткерлерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға, дарынды жастарды шеберліктерін жаңа кәсіби деңгейге арттыруға ынталандыру үшін заманауи өнер нысандары салынып жатыр, олара жұмыс істеуге барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мысалы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Қазақстан» орталық концерт залы, «Шабыт» шығармашылық сарайы және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры сынды бірегей жобалар қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келеді. Өнердің дамытуға халық мойындаған жаңа фестивальдер мен байқаулар да ықпал етеді. Атап айтқанда, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі, «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің, жастар биінің, экшн-фильмдердің халықаралық фестивальдері мен Д. Мацуевтың жетекшілігімен өтетін пианистердің классикалық музыка фестивалі. Осының барлығы танымал және шығармашылыққа енді ғана аяқ басқан жас дарындар қатысатын беделді мәдени жобалар. Екі жыл бұрын елордалық екі театр «академиялық» құрметті атағына ие болды. Олар таяу және қиыр шетелдердегі кеңінен танымал театрландырылған фестиваль жобаларына белсенді қатысады, өздерінің шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындар алып жүр. ҚР халық әртісі Тілектес Мейрамов, Гүлжан Әспетова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Ләйлә Бекназар, Наталья Косенко, мәдениет қайраткері Чехонадцкий Роман Борисович. Режиссерлер: Нұрғанат Жақыпбаев, Әлімбек Оразбек, Болат Ұзақов, Нұрлан Жұманиязов, Парманов Бекболат сынды қаламыздағы театрлардың зор мақтанышы болып табылады. Астана қаласының мемлекеттік филармониясында да еліміздің белгілі қайраткерлері, ҚР халық әртістері Айман Мұсақожаева, Қайрат Байбосынов, Нұржамал Үсенбаева қызмет етеді. Бұдан басқа, онда «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» «Мәдениет қайраткері» атағына ие болған тұлғалар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік награданың иегерлері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары жұмыс істейді. Қаланың мәдениет және өнер қайраткерлері өздерінің мықтылығын талай рет дәлелдеген. Кең ауқымды театрландырылған қойылымдар, халықаралық және республикалық фестивальдар, конкурстар, үздік шығармашылық күштердің қатысуымен өтетін көрмелер қаланың әр тұрғынының жадында мәңгі сақталатын оқиғаларға айналды. Біздің каналымызға жазылыңыз:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота