cool589
25.07.2022 13:03

Оқылым Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
Қытай ғалымдарының айтуынша, Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі. Егер а Айдан бұл элементті өндіріп алатын бокса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді, - деп хабарлайды Huffington Post.
Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Жер серігінің беткі қатпарында термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалардың көп екендігі белгілі болды. Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент, себебі Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3 ол жақта өте көп. Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі материалдар Жерге жіберілетін болады. Mail Online газетінің сараптамалық жұмысында небары 40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген. Ал Айда бұл элементтің 10 миллион тонна қоры бар екені анықталды.
Әзірге Қытай Айдағы табиғи байлықты игеру мақсатындағы қазба жұмыстарын бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық зерттеушілер бұл жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасауда. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады.

1. Мәтінге ат қойыңыздар. [1]

2. Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін белгілеңіз. [2]

Тұжырымды сөйлемдер Шын/Жалған +,-
1 Аталған элемент біздің планетамызда өте аз кездеседі.
А
2 Қытай ғалымдары Айдан Гелий-3 элементін тапқандығын айтып, дүние жүзіне жар салған.
В

3 Гелий-3 мұнайдан әлдеқайда арзан және Жер үшін өте пайдалы. С

3. Мәтіннен мына сөздің синонимін табыңыз.
Жария ету - [1]

4. Мәтіннен мына сөздің антонимін табыңыз.
Қымбат - [1]

5.Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза). [1]
40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ-ты бір жыл энергиямен қамтамасыз етеді.
АҚШ

6. Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз.
Гелий-3 элементінің артықшылығы неде?
[1]

ІІ. Жазылым [8]
Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз. Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді дұрыс қолданыңыз.
Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз.

1 2

1. Сауда жасай білесіз бе? тақырыбында ауызекі стилінде диалог қүрастырып жазу /8-8/

2. «Дағдарыс және оның әсері» тақырыбына ғылыми стильде мақала жазу /7-8 сөйлем/

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
228466
12.09.2021 12:52
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
angryhanry
12.03.2020 23:36
Ана тіліміздің тағдыры ұлтымыздың тарихына ұқсайды деп ойлайсыңдар ма? 
Ұлт тарихы мен тіл тағдыры ұқсас деп айта алмаймын. Себебі, ұлт тарихына сырттан әсер етуші себептер болады. Ал, тіл тағдыры, әрбір ұлт өкілінің өзіне тікелей байланысты. Ана тіліңді ардақтасаң саған ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы: шетелдегі қандастарымыз арада ғасырға жуық уақыт өтседе ана тілін ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз жеткізген, сонымен қатар тұрған елдерінің тілдеріне де құрметпен қарап, өз ана тілінен кем игермеген. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота