sasacot
15.12.2020 05:01

Сравните два текста ткен демалыс күні ауылдағы нағашы апамның үйінде болдым. Сөйтіп апам мен атама көмектестім. Ауылдағы өмір өте қызық. Ерте әтештің шақырған дауысымен ояндым. Апам бие сауып жатыр екен. Атам малдарды жайлауға шығарып жатыр екен. Мен сиырларды өріске қосып келдім. Сосын атам екеуіміз қозы– лақтарды қораға шығарып, құстарға жем салдық. Осы кезде апам бізді дастарханға шақырды. Барлығымыз жазғы ас үйде отырып таңғы асымызды іштік. Апам бәрімізге үлкен кесемен ыстық сүт құйып берді. Сосын біз атам екеуіміз шөп шаптық. Кешке достарыммен алтыбықан тептік. Осылайша, бір күннің қалай өткенін білмей қалдым. Түркістан – көне қала. Әр халықтың қадір тұтар, бас иер мекені бар. Қазақ халқы үшін сондай қасиетті жер - Түркістан қаласы.Түркістан – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы. Түркістан Қазақ хандығының қалыптасуына тікелей ықпал етті. Ол қазақ халқының рухани және саяси орталығы болды. Ол қала ІV- Х ғасырларда Шабғар деп аталған. Кейін бұл қала ерекше гүлденіп, үлкен қала – Йассыға айналды. Ал ХV ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Бұл қалада әлемге әйгілі философ, ақын, мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Йасауи дүниеге келген. Осы жерде Әмір Темір салғызған Қожа Ахмет Йасауи кесенесі бар. Кесене 35 бөлмеден тұрады. Соның бірі – «қазандық» деп аталады. Осы бөлмеде салмағы 2 тонна болатын қола тайқазан орнатылған. Кесененің жанында шығыс моншасы мен мұражай бар. Мұражайдың астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана бар.


Сравните два текста ткен демалыс күні ауылдағы нағашы апамның үйінде болдым. Сөйтіп апам мен атама к

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
arturdadayan
31.10.2021 14:11

Тұрақты тіркестер

Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады.

Тіркес екі түрлі болады.

1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін еркін тіркес. Мысалы: үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін тіркестер сөз тіркесі деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздердің мағыналарымен байланысты болады.

2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмганша т. б. Қой аузынан шөп алмас дегеннің орнына- түйе аузынан шөп алмас, ит жанды дегеннің орнына мысық жанды деп өзгертіп айтуға көнбейді.

Сондай-ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабыргаңмен кеңес — ойлан, бесіктен белі шықпай — ерте, қас пен көздің арасында — шапшаң мағыналарын білдіреді.

Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады.

Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданы-латын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.

Тұрақты тіркестер  : А, Ә, Б, Ғ, Д

0,0(0 оценок)
Ответ:
53453fd
05.10.2020 10:36

Объяснение:

Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады пойдёт

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота