2) Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесені, 16 ғасырда салынған шығыс моншасы ескерткіштері бар.
3) Шығыс моншасының ешқандай есігі жоқ, бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды.
2-тапсырма.
1. Көне қалалардың бірі - Түркістан. Түркістан - Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қала. Қаланың көне атауы - Яссы.
2. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесені бар. Ахмет Ясауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Ясауи кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар.
3. Түркістандағы тағы бір тарихи ескерткіштердің бірі - 16 ғасырда салынған шығыс моншасы. Моншада 9 бөлме бар. Бір қызығы, моншаның бірде бір есігі жоқ. Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды.
Сүйінбайдың 13-14 жасында шығарған «Түс» деген өлеңінде осындай ойға бастайтын құбылыс жайында сөз болады. Шүйбек деген байдың қойын бағып жүргенде, бір күні түс көріп, ұйқысынан өлеңдетіп оянғанын ол қожайынына былайша баяндайды:
Атыңнан айналайын Қызыр бабам,
Түсімде таңға жуық келді маған.
Білмеймін «өлең» – деді,»көген» –деді,
Сайрауық құстар келіп төнді маған.
Менің тұр қолды-аяққа тұрғым келмей,
Қойды ғой қойыңа да қырғын келмей!
Аузымнан түйдек-түйдек шыққан сөзді
Не дейін сөз кестесі – өлең демей?!
Сен маған ұлықсат бер, Шүйбек байым,
Әйтеуір, тегін емес Сүйінбайың.
Жын соқты ма, білмеймін, таңертеңнен
Көңілім ұйқы-тұйқы құйындайын…
Түс көріп, ақын немесе сазгер, т.б. болып ояну секілді жағдайлар болашақ өнер иелерінің өмірінде кездесе береді.