«Қызыл кітап» деген сөз тіркесі ғылымға 1966 жылдан бастап енді. Осындағы «қызыл» деген сөз «қауіп төніп тұр» деген а ескерту ұғымын білдіреді. «Қызыл кітаптарға» жер бетінде жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері тіркеліп, ондай түрлерді сақтап қалудың және қорғаудың қажеттігі ерекше атап көрсетіледі.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі және тб. жатады. Оларды қорғау әрбір адамның парызы. Қазақстан мен атқарушы органдар жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдар құрған. Сонымен қатар, Қазақстан жерінде табиғат ағзаларын қорғау үшін қорықтар ашылған.
қорытындылай келе, Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғап қана қоймай, әрбір тіршілік иесіне асқан мейірімділік көрсете білуіміз керек.
Бұрынғыдай ақындардың бір-бірінің намысына тиіп сөйлеудің жоқтығын қазіргі ақындардың моральдық тұрғыдан кемелденуі деп бағалайды. Әрине, қоғамның дамуы мәдениеттілікті талап етеді және қазіргі айтыс ру айтысы емес, бүгінде өз руына артықшылық беруді қай орта болса да, төмендік деп таниды. Ал, айтыста, қалайда, жеңу керек болған соң алдындағы адамның сарылығын немесе қаралығын айту, осы деңгейдегі түрлі теңеулерді құрал ету қазірде жас талап арасында жиі кездеседі. Адамның дене бітіміндегі кемшілікті тілге тиек ету бұрыннан бар, алайда, ол кезде тиісетін ақынның сөзі де, жауап берушінің де шешендікпен қайтарар сөзі дайын болған соң айтыстың ширақтығы сезіледі