
Жазғы демалысымды қалай өткіземін?
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой.
Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді деп ойлаймын. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға барамын. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектесемін. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинаймын. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнаймыз. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кеткені де байқалмай қалады.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға барамын. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалады. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, мен барлығына белсене қатысып, атсалысатыныма сенімдімін. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар табамын.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға барамыз деп жоспарлап қойдық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім болады. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға барамыз, саябақтарда серуендеп, теңізде суға түсеміз.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнайды деп ойлаймын.
Қаныш Сәтпаев туралы диалог құрастыру.
Қаныш: Биыл геолог – ғалым, профессор, академик Қаныш Сәтпаевтың туғанына 210 жыл толады екен. Бұл кісі жайлы естуің бар ма?
Нұриман: Әрине, Қаныш Имантайұлы жайлы білмейтін Жезқазқған тұрғыны жоқ шығар...
Қаныш: Дұрыс айтасың. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше.
Нұриман: Сірә, сенің атың осы кісінің құрметіне қойылған – ау?
Қаныш: Ия, атам мен әжем Қаныш Сәтпаевтай ғалым болсын деп атымды «Қаныш» деп қойыпты. Атым қазақ геология тарихындағы осынау ірі тұлғаның құрметіне қойылғанын мақтан тұтамын. Бұл кісінің толық өмірбаянын білемін!
Нұриман: Биыл Қаныш Сәтпаевтың туғанына 210 жыл толады екен деп едің, сонда бұл кісі қашан, қай жерде дүниеге келген?
Қаныш: Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді.
Нұриман: Ал қай жерде оқып, білім алғанын айтып бере аласың ба?
Қаныш: Әрине. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.
1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.
Нұриман: Шынымен толықтай білетін сияқтысың ғой. Ал еңбек жолы туралы не айта аласың?
Қаныш: 1918 жылдың күзінде Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды.
Нұриман: Жалпы, менің білуім бойынша Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол.
Қаныш: Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.
Нұриман: Бұл кісі нағыз «жеті қырлы, бір сырлы» тұлға болған екен...