Мен өмірді сүйемін.
Менің өмірге деген көзқарасым оң әрі жарқын. Мен өмірді сүйемін. Ал сүйіспеншілік - тіршіліктің негізі. Өмірді сүйетін адамдар бақытты, әрі жан - жағындағы адамдармен осы бақытымен бөліскісі келіп, ешкімге жамандық ойламайды.
Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.
Сонымен қатар менің армандарым да көп. Мен өз болашағымды жарқын етіп елестетемін. Мектепті ойдағыдай тәмамдап, қалаған мамандығымның иесі болғым келеді.
Менің ойымша, адамның өмірге деген көзқарасының оң немесе теріс болуы ең алдымен отбасы мен ондағы жағдайға байланысты, себебі адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан кейін сүйіспеншілікті ең алдымен ата - анасының аялы алақанынан сезінеді. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді.
Казіргі заманда адам үшін ғаламтор бөлек орын алады. Қай жұмыс, оқу болмасын, ғаламтордың көмегі керек болады. Мысалы қазіргі қауіпті індеттің кесірінен кей жерледе балалар онлайн оқуға көшіп жатыр, білім алу үшін адамдар ғаламтор көмегіне жүгінеді.
Ғаламтор керек нәрсе, білмегеніңді білуге, немесе жай көңілді видеолар көруге, ойындар немесе жұмыс саласына керекті бағдарламалар жазуға өте тиімді. Адамдар интернет арқылы түрлі бизнестер ашып, табыс та тауып жатады.
Ғаламтордың оң және теріс жағы да болады. Ғаламторда түрлі алаяқтар да адамдарды алдап жатады. Немесе балалар күндіз түні интернетте отырып көздерін зақымдап жатады. Одан сақ болу қажет. Әр адам өз қауісіздігіне өзі жауап беруі тиіс.
Қорытынды ойым - ғаламтор жүйесі қазіргі заманда өте керекті зат.
Объяснение:
Қандай сурет берілгенін білмедім, бірақ дұрыс деп ойлаймын.