PlatMasha
19.01.2020 17:54

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір » делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөнсілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жолсапарға мол азық, ауырзат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырық тың бірі – Қыдыр » деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрметтанытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен арала су үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолд асқосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

1. Мәтінді оқып, мәтін бойынша жоспар құрастыр.

[2]

2. Мәтінді кездесетін мақалдарды теріп жаз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dasew1
01.12.2022 02:44

Қазіргі сән туралы менің ойым.

"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.

Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.

Келешекте өзім де киім безендіру мен тігу саласында жұмыс істесем деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
mashacat763p01bj9
17.03.2023 12:54
                            Менің сүйікті мамандығым - дәрігер.
Өмірде әрбір адам өзі қалаған мамандықтың иесі атанғысы келеді. Әрқайсысы жанына жақын маман иесі болады. Таңдаған мамандық адамның қиялына қанат бітіріп, оны зор табыстарға жетелейді. Қазіргі қоғамда көптеген мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Мен қалаған сондай мамандықтардың бірі әрі бірегейі - дәрігер болу. Дәрігерлік қай кезде де өз биігінен түскен емес. Адамның өмірін ажалдан арашалап алу - дәрігердің басты мақсаты. Дәрігерлер адамдарға өмір сыйлап, олардың қауіпті ауруларға душар болмауын қамтамасыз етеді. Көпшіліктің зор алғысына бөленеді. Сондықтан, мен медицинаның дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамда кеңінен таралған дерттердің алдын алып, халықтың денсаулығының мықты болуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, адал қызмет етуді қалаймын. Жанарынан мейірім нұры төгілген ақ халатты абзал жан атану үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен осы мамандықты толықтай меңгеріп, ел халқының әл-ауқатын арттыруды мақсат етемін. Себебі, елдің дамуында оның тұрғындарының денсаулығы аса зор маңызға ие. Болашақта білікті де білімді дәрігер болып, халықтың денсаулығын жақсартып, толағай табыстарға, мол жетістіктерге жетіп, Отанымның кемел келешегінің өркендеуі үшін өз үлесімді қосамын!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота