Лагерьдегі жазғы демалыс.
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы оқу жылын үздік бағамен аяқтағаным үшін ата – анам маған сыйлық ретінде Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда орналасқан балалар лагеріне жолдама алып берген болатын. Бұл алғашқы лагерьге сапарымды асыға күттім, себебі Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Лагерьге аман – есен жеткен соң, балалар жас ерекшеліктеріне сай орналастырылды. Орналасып болғаннан соң тәрбиешілер лагерь ережелерімен таныстырып өтті. Лагерьде демалудың өзіндік ерекшеліктері мен жақсы жақтары көп екен. Маған ұнағаны - бұл тәртіп мен достыққа үйрену. Демалысымыз қызықты өту үшін тәрбиешілерімз түрлі жарыстар, сайыстар өткізіп тұрды. Сонымен қатар табиғат аясына саяхатқа шығып, көлге суға түстік. Демалыс ерекше ұмытылмас әсер қалдырды. Көптеген жаңа дос тауып, демалысымды өте жақсы өткіздім.
1.Туған жеріне,Сырдария жағалауына оралған кім?
-Қорқыт ата өз Отанына, Сырдария жағалауына оралды.
2.Жылдың неше күні күн жарқырайды?
-Күн жылдың 300 күнінде жарқырап тұрады.
3.Қорқыт ата бірден не дейді?
-Байқоныр жерінің ғарыштық болашағы туралы өз заманында Қорқыт ата көріпкелдікпен айтып кеткен.
4.Жанның эмоциясын ашатын қандай музыкалық аспап ойлап тапты?
-Қобыздың музыкалық аспабы
5.Ол қайтыс болғанға дейін не деді?
- Өлерінің алдында ол өзінің қасиетті жерді тапқанын айтады. Бул- Сырдарияның бойы екен.
6. Олар Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабынан қазақ жерінде не болды?
-Олар ғарышкер болды.
7.Тірі қалған аңыздар мен кейбір жазбалар не дейді?
-Сақталып қалған аңыздарда, бірен-саран жазбаларда Қорқыт атаның қасиетті жерді, мәнгілік өмірдііздегені айтылады.
8.Қорқыт ата әрдайым қай жерді іздеді?
-Қорқыт ата еш уақытқа соғыс табиғат апаттары болмайтын, "өлім" дегенді білмейтін жерді іздеген