Астана туралы диалог
- Ата, сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, құлыным!
- Ата, қолыңыз бос па? Сізге өтінішім бар еді? Маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?
- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?
- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
- Астана «әлем қаласы» атағын қашан алды?
- 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.
- Көп рахмет сізге, ата!
- Оқасы жоқ, құлыншағым!
Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.