Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.
1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [1]
Тұжырым Шын Жалған
А Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған.
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің
Мен үшін біздің еліміздің болашағы өте маңызды. Біздің еліміз,біздің жеріміз, біздің Тәуелсіз Қазақстан! Ежелден бері біздің ата-бабамыз тәуелсіздік үшін, жер үшін күрескен.
Біздің қазақ хандары мен батырлары қасық қаны қалғанша,бар күшін салып кіндік қаны тамған байрақ жерін қорғаған. Біздің еліміз көптеген қиындықтардан өткен. Олардың бірі бізге өте ауыртпалы зардаптар әкелген ашаршылық жылдары(1930-1933). 1930 -1933 жылдардағы аштық құрбандарының 2 млн. 200 мың адамнан асып түсетінін аңғарамыз. Ал 1946-1980 тоқырау жылдарында қазақ халқының қамын ойлап, тағдыр үшін, адалдық үшін күрескен,ақын-жазушыларымыз бен зиялы қауым Кеңес одағының тоталитарлық режиміне қарсы шыққаны үшін репрессияға, қуғын-сүргінге ұшырады.
Мен біздің ата-бабамызға ризашылығымды білдіргім келеді. Ата-бабаларымыздың арқасында біздің еліміз тәуелсіздігін алып, көк туымызды көк аспанда желбіретіп,басқа елдерді мойындаттырдық. 1991 жылы 1 қаңтарда тұңғыш елбасымыз болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Басты жаңалықтарының бірі – 1993 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының конституциясы қабылданды. Содан бері еліміздің экономикасы, әлеуметтік жағдайы реттелді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жолдауында мақсаттар қойып, сол мақсаттарға халықпен бірге жетуде. Меніңше, ең негізгі мақсаттарның бірі – Азия Барысы атағына ие болып, дамыған 50 елдің қатарына қосылу.
1991 жылдан бастап президенттің бастауымен көптеген оқу орындары, спорт кешендері, медициналық орталықтар салынып, халыққа көмек көрсетуде. Оның бәрі не үшін?! Білім беру мен медициналық қызмет көрсетулер жастарға тегін. Бұның бәрі елбасымыздың жастарды, болашақты ойлайтынының айқын көрінісі. Біз жасөспірімдер, өз еліміздің басты генераторымыз. Біз ертең көзді ашып-жұмғанша, елімізді бетке ұстар азаматтары болып шыға келеміз.Әр индивидум өз болашағын өз көзімен елестейді. Елдің болашағы біздің қолымызда – жастарда. Біз өз болашағымызды өз қолымызбен жасаймыз!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку