Ор ЛЬ
5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіннің қай түрі? Стильдік ерекшелігін
анықтаңдар.
ЕХРО-ның негізін қалаушы болып ханзада Альберт есептеледі.
Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 1851 жылы Лондонда Гайд саябағында
өткізілген. Көрменің назар аударарлық ғимараты таза шыны мен
болаттан тұрғызылған.
Алғашқы көрмеде сол кезде әлемде өндірілген заттардың барлығы
болған. Әсіресе құрал-жабдықтар бөлімі ерекше әсер қалдырған: бу-
қозғалтқыштар, стереофотосуреттер, американдық Чарльз Гудьир
ойлап тапқан ысытылған резеңке, қойылтылған сүт, консервіленген
азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер,
стоматологиялық креслолар және басқа да заттар.