dimas112006
05.07.2020 15:17

1.

Сания Мұратқызы: «Саудада тиімді әдісті таңдай білген жөн»

Сауда, тауар өткізу, сату, сатып алу – бұл әрекеттің барлығы күнделікті тіршілікте жиі орын алатын әрекет. Ал өндірушілердің өткізу нарығында айтулы орын иелену, табысты арттыру, өндірісті тоқтатпауға бірден-бір себеп – клиенттің тұрақтылығы. Бұл туралы «STS» холдингінің сауда менеджері Сәния Мұратқызынан сұрап көрген едік.

 Тұрақты клиентті қалай іздеу керек? Жалпы клиент тұрақты болу үшін не істеу қажет?

 Жеке кәсіпте клиент іздеу, клиент базасын қалыптастыру, тұрақты клиенттер қатарын толықтыру маңызды. Бизнеске енді қадам басқандар үшін клиент іздеудің әртүрлі тәсілдері бар. Мысалы, бүгінгі және бұрынғы клиенттерді пайдалану. Ол үшін бұрынғы клиенттердің картотекасы жасалып, әрдайым байланыс үзілмеуі тиіс. Мерекелік құттықтаулар, жаңа өнім мен қызмет жайында хабарламалар, қысқа ақпараттар жолданып отырса, әрдайым назарда боласыз. Сондай-ақ тағы бір мысал - визиттік карта тарату. Сонымен қатар өніміңізді өзіңіз жарнамалаудан тартынбаңыз. Көлікте, сөмкеде әрдайым буклет, брошюра, жарнамалық парақтар секілді мағлұматы бар заттар жүруі керек. Ыңғайы туындаған жағдайда бірден табыстап, хабарласып, ескерте салыңыз.

 Ал клиент жинау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың маңызы қандай?

 . Ба з беттері, интернет ресурстары, әсіресе, бүгінгі таңда инстаграмм платформасы сауданы жандандырудың ең тиімді құралы. Сондықтан инстаграммда үнемі өзіңіз айналысатын кәсіп туралы посттарды жиі жариялаған жөн. Строис қызметін пайдаланып, жиі видео, фотосуреттер жариялап тұру керек.

 Сіз айтқан кеңестер әмбебеп бола ала ма? Кез келген кәсіпте тиімді ме?

 Дәл осы мен айтқан кеңестердің бәрін тұтастай орындау міндетті емес. Дегенмен, қажеттілікке қарай сүйене отырып, өзіңізге тиімдісін таңдау керек. Мысалы,фейсбук сияқты таымдық желілерде ойын-сауыққа қатысты қызмет түрін, киім-кешек, дәрі-дәрмекті жарнамалау жарнамалау тиімсіз сияқты.

 Сұхбатыңызға рахмет!

2.

Қазақстандағы е-коммерцияның дамуы деңгейі де жыл санап артуда. Статистикалық мәліметтер бойынша, елімізде 10 млн адам интернетті пайдаланады екен. 2017 жылы ҚР электрондық сауда нарығының көлемі 106,9 миллиард теңгені құраған. Яғни, ол бөлшектік тауар айналымы көлемінің 1,2 пайызын құрады. Ал, 2018 жылдың 5 айындағы электрондық сауда нарығының көлемі 101 миллиард теңгені немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын көрсеткен.

Онлайн-сауда саласында satu.kz‎, технодом, kaspi.kz, flip.kz, AliExpress сияқты ірі ойыншылардың қызметі елімізде күннен күнге жанданып, сұранысқа ие болып жатыр.

Ендеше электрондық сауданың ел қызығатын қандай құдіреті бар екеніне назар салайық. Электронды коммерцияның күннен күнге әлеуеті артып келеді, тіпті оның географиялық шектеуі жоқ. Заманауи қоғам қолма-қол ақша төлеуден кетіп жатыр. Адамдар әмиянда ақша ұстаудың орнына қаражатын интернет қосымшалары арқылы басқарып, бірнеше төлем карточкаларын ғана алып жүреді. Бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз.

Электрондық сауданың ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады: уақыт үнемдеу, қауіпсіздік, салықтан жеңілдіктер, кэшбэк және бір теңгеге дейінгі дәл есеп. Осындай артықшылықтарына арқа сүйеген электронды сауда саласы күн санап дамып келеді. Елімізде де бұл саланың өте үлкен сұранысқа ие екенін баста айттық. Енді еліміздегі электронды сауданың даму жолына назар аударайық.

Электронды сауда түсінігі Қазақстанға 2005 жылдардан бастап ене бастады. Осы уақыттан бастап 10 жыл ішінде кәсіпкерлер ғаламторда өз парақшасын ашып, кәсібін виртуалды әлемде ұсынуды үйренді. Дегенмен қаржылай кеңесші Расул Рысмамбетовтың сөзінше, елімізде интернет-бизнестің 90 пайызға жуығы міндетті түрде жабылып қалады екен. Оған себеп – тұтынушылардың көпшілігі ғаламтор дүкендерінің саудасына сенбеуі.

1-тапсырма. Екі мәтінге ортақ тақырыпты қойыңыз. (`Напишите общую тему для обоих текстов)



[1]

2-тапсырма. Мәтіннің жанрын (+) белгісі арқылы анықтаңыз. (Определите жанр 2-х текстов)

өлең мақала әңгіме интервью

1. Мәтін

2. Мәтін

[2]

3-тапсырма. Мәтіндердің кіріспе бөлімінің тән ақпаратты тауып жазыңыз. (Найдите и запишите вступление 2-х текстов)

1. мәтін

2. мәтін

[2]

Жазылым

Берілген тақырыптың бірін таңдап, интервью құрастырып жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз.(Выберите одну из тем, составьте интервью. Свой ответ запишите в соответствующем стиле.)

[10]

1)Ғылымның қазіргі жетістіктері (Современные достижения науки)

2) Дағдарыс, оның әсері (Кризис, его влияние)

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
napokinnuu
15.05.2021 22:58
Соғыс не? Соғыс апат,Соғыс соққы.                 Ол соқса шығарушы бұрын жоқты                 Ол дауыл, күш мұхитын тасытады.                 Елетпей азды-көпті,ашты- тоқты. Соғыс!Не деген қорқынышты да үрейлі еді.Бұл сөз кез келген адамға соншалықты суық естілетін сөз.Қазақ еліне ең ауыр тиген соғыс-Ұлы Отан соғысы.Бұл соғыста көптеген қазақ азаматтары қаза тапты.Олардың есімдері қазақ халқының мәңгілік есінде.Олар Шы-ғыстың қос жұлдызы атанған Мәншүк пен Әлия,Талғат Бигелдинов,Ба-уыржан Момышұлы,Нүркен Абдилов,Рақымжан Қошқарбаев және тағы басқа мақтан тұтарлық аталарымыз.Бұлардың ерлік істері кейінгі ұрпақ ,біздерге үлгі болмақ.Осы соғыстың суық желі ешқашан ұмытылмақ емес. Қазақ елінің басынан ешқашан қиындық,азап таусылмады.Ал  міне,қазір көптен күткен тәуелсіздігімізге де қол жеткіздік.Өз алдымызға тәуелсіз мемлекет болдық.Көк аспанда желбіреген көк туымыз , самғап шырқайтын гимніміз,елтаңбамыз бар.Біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз.Тәуелсіздігімізбен бірге жаңарып көптеген ақын- жазушыларымыздың шығармалары өз оқырмандары-мен қауышты.Өзіміздің кемел де,алғыр, білімді  елбасымыз бар.Ол-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Нұрсұлтан атамыз халқы үшін өз жанын қиюға дайын.Ол жан-жақты,білімді,парасатты.Жәнеде ол елбасы болғалы бері  елінің амандығын,халқының тыныштығын тіледі.Нұрсұл-тан  атамызды елі сүйеді,ал ол елін сүйеді. Сондықтан да басқа елдер бізге  қызыға қарайтындай бейбіт ел болайық.Біз қазір"қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда" өмір сүріп жатырмыз.Осының бәрі-қасық қаны қалғанша соғысқан азаматтарымыздың арқасы.Біздің  әрқашан оларға алғысымыз шексіз!Қазақтай елді басқарып отырған елбасымыз,еліміз үшін туған ерлеріміз аман болсын!
0,0(0 оценок)
Ответ:
Verra990
21.07.2022 08:45
Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ТуыҚазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "көк" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота