romanvailev15
14.08.2022 18:58

12:55 dB тоқсан бойынша жЬ тапсырмалары
І. ОҚЫЛЫМ
Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден
қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл
қаланың анасы, анасын ұмытпайды
баласы» - деген екен. Ауыл - әр халықтың,
Соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі,
темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі,
қаны мен жаны сол ауылдан басталады.
Халық мақтанышына айналған әйгілі
арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан
шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге
Осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал
біздің үлесіміз сапалы білім алып, ел
болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл
түбі — бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал
ауылдың этникалық, экономикалық және
рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына
қарағанда салтты берік ұстанады,
қарапайым, Жомарт, ашық, кішіпейіл,
бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі
ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы
ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары
кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа,
дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады.
Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ
тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала
адамдары барлық жаңалықтан хабардар,
бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.
1.Берілген тұжырымдардан бір
«жалған» ақпаратты анықтаңыз.
(Определите из приведенных выводов
одну "ложную" информацию)​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
rustikkhusnutdi
20.03.2022 19:39

Менің жазғы демалысым.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма  ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем де болады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.

Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әлі сапарларымыз көп болғай!

0,0(0 оценок)
Ответ:
leonru1
18.05.2022 07:47
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінінде байқамай қалады. өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе? Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын , ата-анамның көзінде кішкентай қыз болсам да , өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын? деген сұрақтарға көп ойланамын. Жай ғана ойланудың аз екендігінде білемін. Сондықтанда қазірден бастап алдыма мақсат қойып , оған табанды түрде кірісіп , арманымның жетегіне еріп келемін.      Елбасымыз айтқандай «Болашақ-білімді жастардың колында» демекші біздің болашағымыз өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты , нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі , әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықты алатын болсақ , Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір , жаны да бір жолбасшысы-мұғалім» демекші ұстаздық ең жоғарыда тұратын , өте құрметті де қадірлі мамандық. Ұстаз алдындағы шәкіртті қандай жолға түсірсе , шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып жүреді деп ойлаймын. Жалпы жалғыз ұстаздық қана емес , мейлі шахтер болсын , аспаз , құрылысшы болсын , өз алдында жеке бір мамандық деп білемін.    Ал өзім жайлы айтатын болсам , болашақта қандай салада жұмыс істейсің? деген сұраққа мен ойланбастан биология саласы дер едім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда биология , химия , физика және математика салаларына жете көңіл бөлінсін» демекші мен жеке биология саласын одан әрі дамытқым келеді. Атақты ғалымдар сияқты жаңалықтар ашу менің басты мақсатым. Әрине бұның барлығы да қазір арман болса да , жоғарыға көтерілу жолында қиындықтар туындайтынын білсем де , мен бұл мақсатыма жететініме сенімдімін. Және де бұл ойымды жүзеге асыру мақсатында қазіргі күннен бастап мен алға қарай қадам басудамын.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота