Ру, рулық қоғам — алғашқы қауымның экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстар тобы. Ру алғашқы адамдар тобынан басталып, кейінгі рулық құрылысқа ауысты. Рулық ұйымның кейінгі құрамын ғана зерттеуге мүмкіндік болғандықтан, рудың даму тарихын зерттеу мәселесінде ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар бар. Тайпа– қандас туыстардан тұратын әлеуметтік және этникалық бірлестік. Ол рулар мен аталарға бөлінеді. Көшпелі халықтарда тайпалық бірлестіктері ұзақ уақытқа дейін сақталады.Дәуір — халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.[1]
Флюгер (голл. vleugel - қанат) - желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап. Желдің бағытын Флюгердің вертикаль осіне желдің әсерінен еркін қозғалып тұратындай етіп орнатылған флюгарка көрсетеді. Флюгарканың қарсы салмақтық ұшы әр уақытта желге қарсы орнатылады және бағыты өзінен төменірек орнатылған румбалар өрнегі арқылы анықталады. Флюгердің жоғарғы бөлігінде желдің жылдамдығын көрсететін арнаулы шкала бойымен вертикаль бағытта, желдің жылдамдығына сай еркін қозғалып тұратын металл тақта орнатылған. Флюгер ашық жерге, 8-10 м биіктікке орнатылады.