6епррг
23.07.2021 07:10

Bookmark Әл -Фарабидің нақыл сөздері
Задание №1

Не сдано
keyboard_arrow_down
Әл -Фарабидің нақыл сөздері
Барысы :Қайырлы күн,оқушылар!

1.Дәптерге күннің датасын,тақырыбын жазыңыздар

2..Оқушылар,оқулықтың 51-бетін ашып, Әл -Фарабидің нақыл сөздері

тақырыбындағы өнегелі сөздерді толық оқып шығыңыздар.

3.52-беттегі ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ айдарынан лирика туралы оқып,ойға сақтап ,жаттап алыңыздар.

Сонымен ЛИРИКА дегеніміз:

Ақынның ішкі дүниетанымын,арманы мен қуанышын,сүйсінісін,ішкі толғанысын сыр ғып шертетін өлең.
Лирикаға суреттеу,әсірелеу,бейнелеу секілді көркемдеуіш құралдары тән.

Үйге тапсырма: 1.«Әл -Фарабидің нақыл сөздері» мәтінін тағы бір рет түсініп оқыңыздар.

2.Мәтінде 11абзац/азат жолда/11 ой тұр,11тақырып жаз

3.Әр нақыл сөзінің түйінін,яғни айтар ойын түсініп,бір ауыз сөзге тақырып етіп сыйдыр.

Мысалы:

1.Бақыт - адам мақсаты

2.Бақыттың мәні игілікті қойылған мақсатта.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.Адал досты өз теңіңнің ішінен таңда,өзің де өнегелі бол!​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
матиматик31
23.07.2022 15:12

Қоршаған ортаны қорғау

Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.

Табиғат экологиялык процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан аса сақтык жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын көре білу керек.

Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.

Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.

Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұракты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және кешкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және баска да қажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аякталғанынан кейін шурфтарды және баска косымша казылған жерлерді калпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.

Табиғат ресурстары адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай, адамзат техникаларға энергия көзі болған түрлі жанатын заттар, жабайы өсімдік және жануарлар, адамзатқа қосымша қоректік болған т.б. кіреді. Солай етіп табиғи ресурстар адамзат қауымының материалдық базасын жарататын бір бүтін дене болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
priss666
21.01.2023 00:27

1. Мұражайдан аулақ. Бұл кеңесім құлаққа түрпідей естілсе де, алдымен бір нәрсені ойланып көрелікші: басқа қалаға барғанда, саған оның өткен күнінен гөрі бүгінгісі қызық болмай ма? Мұражайға баруды адамдар талқыға түспейтін міндеттей көреді. Бала жастан балалары мәдениетке бір табан жақын болсын деп, ата-аналары қандарына сіңісті қылып тастаған. Әрине, мұражай барған дұрыс, бірақ, алдымен өзіңнің не көргін келетінінді біліп барғанын абзал. Әйтпесе, мұражайдан ұзай бере өмірде бір-екі маңызды нәрсе көргеніңді, сөйт тұра, олардың не екенін білмейтіндігін аңғарылып, бір түрлі сезім ұяламақ.

2. Барларға бар. Қаланың нағыз тіршілігі сонда. Мен бұл жерде дискотеканы емес, сыра ішіп, құдай туралы, ғалам туралы, дүние хақында еркін талқы жасап, кіммен болсын, ашық, еркін әңгімелесе беретін жергілікті тұрғындарды меңзеп отырмын. Жай ғана бір газет сатып ал да, біреуінің қасына барып отыр, болып жатқан оқиғаларға назар сал. Егер бірі келіп, өздігінен әңгіме бастап жатса, ол әңгіменің саған қызықсыз болғанына қарамастан, әңгімеге қосылып кет. ...Жолда жатқан сұлулық ешқашан ашық есіктен көрінбек емес.

3. Ашық бол. Жақсы гид - жергілікті жұрттың өзі. Олар бәрін біледі, қаласымен мақтанады, бірақ, агенттікте жұмыс жасамайды. Жай ғана көшеге шық та, бір адамды таңда. Мәселен, мынадай сұрақ қойып көр: қалай жол тапсам болады? Ал егер біріншісімен жол болмай жатса, онда екінші бірі міндетті түрде келісе кетпек. Міне сонда, мен айтқандай, күні бойына жақсы ерісті (сопровождение) табатын боласың.

4. Жалғыз саяхатта немесе егер жолдасың болып жатса, серігіңмен шық. Тек, осылай ғана шынымен өз еліңді тастап кете аласың. Ал егер сен топпен бірге қыдырыстап жүрсең, саяхаттың бар мәні онда көз алдыңда жоғалмақ. Гидтпен ере жүріп, өз тіліңде сөйлеп, келіп жеткен жердің қызығын емес, шыға берістегі өсек болады аңдығаныңыз.

5. Салыстыра көрме. Ешнәрсені салыстырушы болма: бағасын, тазалығын, өмір сапасын, транспортын. Ешнәрсесін! Өзіңнің жақсы өмір сүретіндігіңді дәлелдеу үшін саяхаттап жүрген жоқсың. Өзгелердің тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ таныс және олардан нені үйренуге болады екен, соны тап.

6. Бәрінің өзіңді түсінетінін біл. Егер сен сол елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорықпа: мен өз басым көптеген елдерде болып, әр жолы сөзбен түсіндіре алмай жатқан тұстарда да көмек табатынмын. Маңызды кеңестер мен, тіпті, жақсы достарды тауып қалатынмын.

Біреулердің бір қорқынышы, саяхатқа егер жалғыз болып барса, адасып кетем бе деп қорқады. Қонақүй визиткасы қалтаңызды жүрсін немесе қысылтаяң шақ туа қалса, такси қызметін пайдаланып көрерсің.

7. Шектен тыс көп зат сатып алма. Қаржыны өзіңмен бірге алып жүруге тура келмейтін, қалтада жүретін заттарға жұмса: театрға билеттер, экскурсия. Қазіргі уақытта барлық нәрсені интернеттен-ақ  сатып ала қоюға мүмкіндік бар.

8. Бір айда әлемді аралап шығуға тырыспа. Бір аптада бес қаланы араламай-ақ, одан гөрі, бір қалада төрт-бес күнге жата тұр.

Қаланы қырсық келіншекпен салыстыруға келетіндей. Барлық тұсын көру үшін және өзіңді ынтық етуі үшін біраз уақыт қажет.

9. Саяхат - бұл қызық оқиға. Генри Миллер айтып кеткендей: «Римге барып, Сикстин капелласына бас сұғуға міндетті болып көрінгенше, оның орнына, ешкім естіп-білмей келе жатқан ертеректегі бейтаныс шіркеуді ашқан дұрыс».

Өміріңді өзгертуі мүмкін көшелердің бәрін кезіп шық. Еркіндікті толық сезін де, өзің іздеген және бұрын-соңды ешқашан кезіктіріп көрмеген нәрсені тап.


0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота