
Айқындауыш мүше.
Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі. Айқындауыш бір мүшенің (сөздің) заттық, мекендік, мезгілдік т.б. жағын айқындап тұрады.
Айқындауыш мүшелер құрамы мен құрылымына қарай, мазмұнына байланысты үш түрлі болады:
1. оңашаланған айқындауыштар;
2. қосарлы айқындауыштар.
1. Оңашаланған айқындауыш: өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз. Оңашаланған айқындауыштың алдынан әсіресе, яғни, көбінесе, сияқты сөздердің қолданылуы мүмкін. Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, кейде анықтауышты да айқындай береді.Үтір белгісі оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.
Мысалы: Біздің үйдің тұрғындары, әсіресе бірінші және екінші қабат тұрғындары, кіреберістің тазалығын қадағалап отырады.
Еліміздегі өзендер - Нұра, Сарысу, Сырдария - балыққа аса бай.
2. Қосарлы айқындауыш: айқындайтын мүшенің бір сыңары болып, мазмұнын дәлелдеп түратын сөз.Қосарлы айқындауыш кейде өзі анықтайтын сөзімен дефис арқылы байланысады.
Мысалы: Менің атам инженер - конструктор болып жұмыс істейді.
Ауылымыздағы пошта бөлімшесіне телефон - автомат қойылды.
Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды.
Объяснение:
Если мой ответ был полезным поставь лайк и можно лучший ответ