Айхан111111111
18.10.2021 09:35

1-БӨЛІМ — «Барсакелмес» дейтін жерде «інжулі қой» дейтін қой бар, – деп айтады. Бір түгі - алтын, бір түгі күміс, сойса, терісі - бір адамға тон дейді. Соның терісін үстіме кигім келеді. «Інжулі үйрек» деген үйрек бар, қанаты - күміс, басқа жері - алтын» дейді. Соны тәж қылып кигім келеді. «Дәудің інжулі қара арғымағы бар, бір шапқанда жүз шақырым шабады» дейді. Соны мінгім келеді. Міне, осы жұмыстарға барасың, депті

1.Шығарма үзіндісі(1)

А) «Шыншыл» ертегісінен

Ә) «Аяз би» ертегісінен

Б) «Мадан хан» ертегісінен

В) «Узірлер» ертегісінен

Г) « Ақша хан» ертегісінен

2. Мәтіндегі эпитет (1)

А) қанаты-күміс, басқа жері-алтын

Ә) бір т түгі – алтын, бір түгі – күміс

Б) құстың, шөптің, адамның жаманы

В) Сүлейменнің жүзігіндей, Мұсаның асасындай

Г) «інжулі қой», «інжулі үйрек», «қара арғымақ»

3. «бір шапқанда жүз шақырым шабады» үзіндінің түрі (1)

А) теңеу (эпитет)

Ә) эпитет (қосымша)

Б) метафора (ауыстыру)

В) гипербола (әсірелеу)

Г) литота (кішірейту)

4. Метафораның (ауыстырудың) қолданылуы (бірнеше дұрыс жауабы бар тест) (2)

А) қанаты-күміс, басқа жері-алтын

Ә) бір т түгі – алтын, бір түгі – күміс

Б) қайрақтай, пышақтай, тәрелкедей

В) соның терісін үстіме кигім келді

Г) «інжулі қой», «інжулі үйрек», «қара арғымақ»

5. «Алып Ер Тұңға» жырындағы сөздер тізбегі (2)

А) түркі тілін үйретуші

Ә) көрнеқті ойшыл, ғалым

Б) сыртқы жаудан қорғау

В) ол трактат жазды

Г) Тұран елінің билеушісі

6. Өлең жолдарындығы көргемдегіш құралдар (1)

Қоғалы көлдер, қом сулар

Қоныстар қонған өкінбес.

Арыстандай екі бұтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес.

А) ассонанс, антитеза

Ә) эпитет, аллитерация

Б) аллитерация, ассонанс

В) ассонанс, метафора

Г) аллитерация, метафора

7. «күн қайда?!» бір сөзді жауап (2)

А) Ат салмай өтер күн қайда?!

Ә) Еңкеймей кірер күн қайда?!

Б) Кіреуке киер күн қайда?!

В) Күреңді мінер күн қайда?!

Г) Толғап ұстар күн қайда?!

2-БӨЛІМ

8. «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» қанатты сөздің мағынасын ашып, өз ойыңды қосып тұжырымда. (1)

9. «Қашықтасың туған жер» өлеңінің идесы (1)

Қашықтасың туған жер - қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен.

Қанатым талды менің,

Шаңқыт жолға сарылып қарауменен

-деген жолдарынан ой түйіндеп, «Туған жер» ұғымының мәнін ашатын 5-6 сөйлем жазыңдар.

10. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңі (1)

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма

Тіпті кейде болса да әзәзіл азғырған Үзіндіде не туралы айтылғанын талда және «Екінші ұстаз» деген құрметке ие болған ғұламаға арнап 3-4 сөйлем тілек жазыңдар.

11. Ислам дәуірінің көрнекті өкілі «Екінші ұстаз» деген құрметті атқа ие болған ғұлама туралы әдеби эссе жазыңдар. Сөз саны-80-90 сөз (7)

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
yulia398
14.05.2022 04:04

Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен –аман

Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...

деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.

19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы. Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог.

Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей –ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық,-

деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді.

Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық –білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.

Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері –халқына пайдасын келтіру, өнер –білім меңгерудің арқасында өз елін «тастан сарай салдырған», от пен суды пайдаланып, «отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі.

Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Өзін қоршаған ортаның қараңғылығы мен надандығын шеней келіп:

Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды.

«Өнер –жігіт көркі», -деп,

Ескермедік мақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды-

деп жастарға зор үміт артты.

Өнер –білім бар жұрттар

Өнер –білім бар жұрттар Мал істейтін жұмысты

Тастан сарай салғызды. От пен суға түсірді,

Айшылық алыс жерлерден Отынсыз тамақ пісірді.

Көзіңді ашып –жұмғанша Сусынсыз сусын ішірді.

Жылдам хабар алғызды Теңізде жүзді балықтай

Аты жоқ құр арбаны, Дүниені кезді жалықпай,

Мың шақырым жерлерге Білгендерге осылар -

Күн жарымда барғызды. Бәрі –дағы анықтай,-

Адамды құстай ұшырды Білмегенге танықтай.

0,0(0 оценок)
Ответ:
CERRY050505
25.09.2021 06:33

1.

Қара сөздерді оқыған адамдардың көпшілігі тек оң пікірде болар деп ойлаймын. Абай Құнанбайұлының бірқатар өлеңдері мен шығармаларымен таныспыз. Қара сөздерінен өмірдегі мысалдар, ащы шындық және мағыналы сөздерді кездестіре аламыз. Абай атамыздың қара сөздерін оқыған әрбір адам белгілі бір қорытындыға келіп, өз өміріндегі жіберіп жүрген қателіктерін түзей алады. Абай Құнанбайұлы өз шығармаларында адамға жақсы қасиеттерді көрсете отырып, адам бойындағы жаман қылықтардан және әдеттерден арылуға кеңес берген. Адамға тура жол сілтеген. Адамның бойындағы ең ізгі, әрі жақсы қасиеттері ретінде :ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақылды көрсетті. Хәкім Абайдың үшінші қара сөзінде:әрбір қайратсыз-қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ--ақылсыз надан, әрбір ақылсыз - арсыз деген еді. Ар-ұждан кетірген соң, адам имандылықтан тая бастайды. Абай адамдарды имандылыққа шақырған.Жүрегінде сәл болса да имандылығы бар адам, буыны босамаған адам деп түсіну қажет. Сонымен қатар адам мінезі, оның өмірінің босқа өту, өтпеуі жайлы да айта кету керек. Қара сөздерді оқи келе түсінетініміз адам өмірін жақсы білу қажет, босқа сауық сайранның не керегі бар? Тән құмарынан жан құмары үшін өмір сүр.

2.

Бүгінгі қоғам үшін Абайдың қарасөздері таптырмас керек қазыналы дүние деп айтатын едім. Қара сөздерде адам дүниесі, қоғам мәселесі көтерілгенін білеміз. Сондықтан бұл өте қажет. Қара сөздерде қоғамдағы сыйластық, құрмет, адамның мінезі, айналадағы болып жатқан басқа да дүниелерге аса қатты мән берілген. Бұл мәселерді шешуде Абайдың қара сөздерінен түйген қорытындымыз және өзімізді жақсы қасиеттерге деген ұмтылысымыз септігін тигізеді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота