Жібек еш ойланбастан қайнысымен бірге қашуға бел байлайды. Өйткені, ол, біріншіден, Төлегеннің "өліп кетсем, артымда еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар" деген өсиетін орындауы керек. Екіншіден, Жібек, өз заманының салты бойынша, өзін Жағалбайлының жесірімін деп есептейді де, әмеңгерінің келуін күтеді. Үшіншіден, Сансызбай Төлегеннен аумайды, сондықтан Жібек оны "Төлегеннің өзі" деп қабылдайды. "Сансызбайды көрген соң, Жібектің көңілі тояды", - дейді жыршы. Демек, Жібек енді өзі сүйіп қалады Сансызбайды. Яғни, Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға. Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген іңкәрлігі Сансызбайға ауысады
Абай - қазақ даласын надандықтың айсыз қараңғы түні бүркеп, тұншықтырып тұрған кезде, еліне дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға ағып түскен жарық жұлдыз. Ол мың қырлы, мың тәлімі бар ұлы ақын. Осы уақытқа дейін Абай туралы қанша айтылып, қаншама зертеу жұмыстары жазылып келсе де, ол әлі талай тың жұмыстарға негіз болмақ. Осы орайда Абайды сан зерттеген М. Әуезов былай деген: «Абай – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым.» М. Әуезовтен бастап қазақ ақын - жазушыларының кейінгі ұрпағында Абайға соқпай өткені жоқ. Осы ақындардың Абай Құнанбайұлы туралы өлеңдерін тыңдап көрелік.
Объяснение: