cwqfqeggqeg
28.09.2022 16:23

2. 2016 жылы болған оқиғаны анықта. А. Хьюстендегі аптап ыстық

В. Еуропадағы су тасқыны

С. Париждегі су тасқыны

Д. Әлемдегі су тасқҮш тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында эссе құрылымын сақтаңыз және салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды орынды қолданыңыз. Сөз саны-130-140.

1. «Мемлекеттік тілді мәжбүрлеп үйрете алмаймыз!» деген пікірмен келісесіз бе?

2. «Уақыттың қадірін білген адам ғана табысты бола алады» деген пікірмен келісесіз бе?

3. «Климаттың өзгеруіне адамзат оңай бейімделе алады» деген пікірмен келісесіз бе?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Tus1
25.11.2022 17:04

Менің сүйікті спортшым

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.

Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ольга1646
21.02.2023 17:20
Спорт денсаулық кепілі.
Менің ойымша спортпен шұғылданған адам еш өкінбейді.Себебі спорт ол денсаулыққа зор пайдасы бар.Сондықтанда спортпен жиі айналысқан дұрыс.Мен спорттың əртүрімен айналыса беремін.Маған көбінесе волейбол,баскетбол ойнаған ұнайды.Ол əрі іш пыстырмайды,əрі осы арқылы дене шынықтыруға болады.Спортпен шұғылданудың пайдасының зор екенін біле тұра,көбісі айналыспайды.Кейбіреулері спортты қиын көреді.Спорт-бұл денсаулықты қалыпқа келтіруде басты міндет атқарады.Адам спортпен шұғылданып,денесін қозғалтқан кезде дене бойына қан жүгіріп,біраз серігіп қалады.Таңертеңгі уақытта далада жүгіріп жаттығу жасаудың пайдасы зор.Бұл əрі ұйқыны ашуға да пайдалы.Спортпен шұғылдануды əдетке айналдыру керек.
Спортпен айналысқан адамның дене мүшесі сау,əрі шымыр болады.Шынығып денені сергітіп тұру қажет.Əртүрлі спорттық ойындар ойнап тұру керек.Себебі айта кеткендей денені шынықтыруға пайдасы зор.Қазіргі заманда спорттың пайдасы орасан зор екені дəлелденіп отыр.Спортпен тіпті жасы келіп қалған адамдарда айналысу қажет.Қарт кісілердің көбінесе сүйектері əлсіз,терілері жұмсақ,өздері əлсіз болып тұрады.Сондықтанда спортпен айналысқан дұрыс.
Денсаулық-адам өміріндегі басты нəрсе.Себебі бізге ол қажетті.Денсаулықты сақтап,пайдалы нəрселермен айнылқан дұрыс.Жəне бір айта кететіні дұрыс тамақтану.Денсаулықты құртатын шылым,ішімдік деген нəрселерден аулақ болған жөн.Адамдар осыны біліп тұрса да,қателікке бой алдырады.Денсаулық-біздің басты байлығымыз екенін ұмытпау керек.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота