Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», - деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Мәтіндегі сын есімдер: сүйкімді, зор, ықшам, жағымды, жоғары идеялы, көтеріңкі, қолайсыз, әйдік, үлкен, қара, сары.
Арманның кішкентай қарындасы өте сүйкімді бөбек екен.
Көбінесе бір - бірімзге мықты денсаулық пен зор бақыт тілеп жатамыз.
Мен Мамыраев атындағы ықшам ауданда тұрамын.
Партияның жоғары идеялы саясатын қолдайтындар саны артуда.
Бүгін туылған күнім болғандықтан ба, әйтеуір, көңіл - күйім көтеріңкі.
Бұл қолайсыз жағдай туралы апама айтпай - ақ қой, босқа уайымдайды.
Қаланың орталығында әйдік ғимарат салынып жатыр.
Менің үлкен ағам кеден қызметкері болып жұмыс істейді.
Жаздай достарыммен доп қуып, күнге күйіп, қара болып кетіппін.
Сары допты көрген жоқсың ба?