«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Жылдар бойғы жиған тәжірибесін, ғасырлардан алған ғибратын екі-ақ ауыз сөзбен түйіндеп үйренген данышпан халқымыздың осы бір сөзінде батпандай ауыр салмақ, бай мағына жатқандай. Отан деген қастерлі ұғым адам санасына ең алдымен отбасы аясында орнықпаса, ертеңгі күні елдің туын көтеретін азаматтардың шықпайтынын ата-бабамыз әу бастан-ақ білген. Сол себепті де «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп, бала тәрбиесін басты орынға шығарған, отбасы құндылықтарын ерекше құрметтеген.
Асыл дінімізде де отбасы құндылықтарын сақтау жолдары өте нәзік суреттелген. Қасиетті Құран аяттарында ер мен әйелдің бір-бірін толықтырып тұратындығын және бір-бірі үшін тірек болатындығын бекітіп: «Олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер», – деген. Сондай-ақ, келесі бір аяттарда Алла Тағала ер мен әйелдің бір-бірі үшін жаратылғандықтан өз теңіне қосылып, отбасын құрғанда жандары тыныштық тауып, бақытты ғұмырдың алғышарттарына қол жеткізетіндігін баяндайды: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар».
ответ:Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады.Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.
Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.
«Буратино» балалар сарайының куыршақ театры. 1959 ж. құрылған. 1%5 жылдан қазіргі атымен аталады, 1977 ж. халық театры атағы берілді. Әр жылдары - Андерсеннің «Ақша кар қоролевасы», И. Қолабтың «Жалғанда Фердадан артық ешкім жоқ» деген спектаклі т. б. қойылды. Барлығы 80 қойылым (1980). Жыл сайын 20 мың көрермен кабылдайды. Жүргізуші Буратино рөлін 1978-83 ж. Ю. Мышонков ойнады. Көркемдік жетекшісі 1959-79 ж. Е. И. Савина; В. В. Маленко 1986 жылдан.[4]
Объяснение: