PYULIK12
28.02.2021 17:38

Мына төмендегі сөйлемдерді лексикалық топтарға ажыратыңдар. Сөздіктермен жұмыс. – Мен де жалданатын кісімін. Бірақ басқалардай нан үшін ғана емес, саттаның «нымтасы» үшін ғана емес, нақты санап алып, ділдәға қызмет етем. Мен жерге егіп, алтын шығаратын кісі болам. Бір жаздық еңбегіме кім төрт жүз ділдә берсе, мен соның мәрдікәрімі. Мына сияқты топырақты жерде онан кемге жалдануға болмайды, – дейді, бір уыс топырақты сығымдап алып, ытқытып жібереді. Жібек шапандылар оны естіп:– Бұл бәңгі... Кәйпі басылмай келіп отыр екен,– десіп, қарқ–қарқ күліп өте береді.(

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Cill109
13.02.2020 20:30

Диалог «Азық – түлік дүкенінде»

– Қайырлы таң!

– Сәлеметсіз бе! Бүгін сүт өнімдері келді ме?

– Ия, қазір ғана келді. Сіз қандай сүт өнімін алайын деп едіңіз?

– Маған бір келі ірімшік, бір литр қолдың қаймағы мен жарты келі май өлшеп беріңізші.

– Жақсы Мінеки. Тағы бір нәрсе берейін бе?

– Құрт қаншадан?

– Құрттың бағасы әр түрлі, бір данасы мөлшеріне қарай 50 теңге мен 100 теңге арасында.

– Маған әрқайсысынан екеуден сала салыңызшы.

– Жақсы. Барлығы 4250 теңге болды. Нан аласыз ба? Жаңа піскен нан. Түрлі тәтті тоқаштар да бар.

- Иә, жаңа піскен болса, екі нан беріңіз. Сосын ірімшік пен бал қосылған тоқаштан да екеуден сала салыңыз. Барлығы қанша болады?

- Нан мен тоқаштарды қосқанда 4800 теңге болды.

– Мінеки. Ет бөлімі қашан ашылады?

– Сауда жасағаныңызға көп рахмет, келіп тұрыңыз! Ет бөлімі осы демалыстан бастап жұмыс істейтін болады.

– Жақсы. Сау болыңыз!

0,0(0 оценок)
Ответ:
charlie911
09.03.2022 04:56
Жер бетіндегі аналардың тілеуі бір. Ол – мейірімділік, адалдық, бейбітшілік, адамгершілік. Ұрпағының аман-саулығы.Менің де аяулы екі анам бар. Олар: асыл әжем мен аяулы анам. Дүние есігін ашқаннан бері асыл анамның аялы алақаны мен жылы құшағының арқасында ешқандай қиындықты сезінбей өсіп келемін. Менен басқа отбасымда тағы да інілерім бар. Әкем мен анам біздің болашағымыз үшін еңбек етуде. Бізді қатарымыздан қалмай, білім алып, еліміздің елеулі азаматтарының бірі болса екен деп тілейді. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анамның қасымызда екеніне мен қуанамын. Оның таңертең еркелетіп оятқаны, кейде көңілсіз болсам, келіп жып жылы алақанымен маңдайымды сипап, бетімнен өпкені, ауыра қалсам, қасымнан кетпей қинала қарайтын жанары – бәрі маған ерекше күш беріп, сәуле шашқан күн сияқты.Менің аяулы әжем – Қожанова Мәрита. Ол анамның анасы. Он баланы туып, бағып-қағып, мәпелеп өсірген қадірлі ана.Отбасының ұйытқысы болып, балалары еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген білімді де мейірімді жандар.Осы ақ жаулықты әжемізді біз, немерелері құрмет тұтамыз, сыйлаймыз. Ол кісіден үлгі аламыз. Аяулы әжеміз әрқашан қасымызда болса деп тілейміз.Кейде анам бір-екі күнге қыдырып кетсе, үй іші де жылусыз қалған сияқты болады. Анам есікті ашып кіріп келгенде, күннің нұры құйылып кеткендей, бәріміз көктемгі жапырақтай жадырап сала береміз.Осы аяулы жандарды кейде ренжітіп алғанымызды да байқай бермейміз-ау. Орынсыз талаптар қойып, еркелігімізді асырып та жібереміз. Дауыс көтеріп жататындарымыз да болады. Бірақ, осы қылықтарымызға анамыздың іштей налып, қиналатынын қайсібіріміз ойламаймыз да ғой. Қателігімізді түсініп, бір ауыз жылы сөз айтып, кешірім де сұрамаймыз. Иә, «алтынның қолда барда қадірі жоқ» екенін біреуіміз түсінсек, енді біріміз түсінбейміз.Бала үшін ананың орны бөлек. Ана – бұлақ, біздің өміріміз анамызбен көрікті.Аяулы Анам! Саған деген жүрегімдегі ризашылық сезімімді қаншама сөз маржанын терсем де, жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде сенімен ғана бақытты екенімді білемін. Анашым, мен үшін дүниенің бар асылы – бір өзіңсің! Қасымда болмасың, өмірімнің сәні де, мәні де болмас. Сен – ақылшым, сен – тірегім, сен – кәусар бұлағым.Әрқашан қасымда болшы, Анашым. Дүниеде сендей асыл жанның болғанына ризамын. Мен үшін түн ұйқыңды төрт бөлгенің үшін, маған деген ыстық ықыласың үшін, аялы алақаның мен жылы құшағың үшін, мейірім толы жүрегің үшін мың алғыс саған, Анашым!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота