Қазақстан Республикасы жайлы сұрақтар:
1. Қазақстанның жер аумағы қандай және әлем бойынша нешінші орында?
Қазақстанның жер аумағы 2 724 902 км², әлем бойынша 9 орында.
2. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?
Қазақстан Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытаймен шекаралас.
4. Қазақстан Республикасының астанасы?
Астана қаласы.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
6. Экономиканың негізгі бағыты қандай?
Экономиканың негізгі бағыты - отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік).
7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы?
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге.
8. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады.
9. Қазақстанның ірі қалалары?
Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент.
10. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Қазақстан Республикасының елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы қандай?
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды.
Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін. Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.