Объяснение:
Жолаушының жолы жеңіл емес.Жолда түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін.Бірақ діттеген мақсатыңа жету үшін тырысу керек.Мен жақында алыс сапарға шықтым,жеңіл көлікпен.Қасымда ата -анам болды.Жолда көлігіміздің дөңгелегі жарылды,жолға алып шыққан тамағымызда таусылуға таяды.Жолдың шетінде ұзақ тұрдық,бірақ жаны жайсаң адамдар кезігіп бізге көмек берді.Қатты шаршадық.Жолаушы болу оңай емес."Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды" демекші жол жүруге шыдамдылық керек.Жолға шығардың алдында дайындалып,керек-жарақтың бəрін алып шығу керек.Жолаушыны жол сынайды.Жолдың қадірін жолға шыққан адам түсінеді
Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын әрине табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек. Атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді:
Бурабай дейтін елді-мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын өзі батырдың тірі кезінде елден абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған.