Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан Томанышұлы деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклорлық экспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
Астана-Қазақстанның елордасы.Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан.Астана қаласы бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Мұнда көптеген ғимараттар,саябақтар бар.Астананың жанында Қорғалжын қорығы орналасқан.Осы қысқа уақыттың ішінде Астана гүлденген,дамып жатқан қала болды. Астанаға Алматы қаласының көшуі халықтың тығыздығы мен экологиялық жағдайы көп әсер етті. Жаңа астананы таңдау басшылыққа алынған кезде Қазақстанның орталығы Ақмола қаласына орналасу болып табылды. Астананы көшіру Қазақстанды нығайту, бейбітшілігімізді бағыттау болды. Астананы ауыстыру экономикамызды нығайту, дамыту деп санады. Сөйтіп 1994 жылы шілдеде астана солтүстікке Ақмолаға көшіру шешімі қабылданды. Басқа елдермен шектеу үшін де барлық жағдайлар қарастырылды Астананы көшіру Қазақстанды жаңа тәуелсіз мемлекет деп таныды. Біздің жеріміз, еліміз қауіпсіздік жолында маңызды орын алу қажет. Астана елдің ортасында орналасу керек деп санады. Астананы ауыстыру экономикамызды нығайту, дамыту деп шешті. Қазақстанда тұратын барлық елдер достықпен ынтымақты сақтау бағыты екенін айтты. Астана халқының саны қоныс аударғанда 290 мың адам болатын. Сәулетшілер жаңа ғимараттар, зәулім үйлер, шағын аудандар салуға кірісті. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы берілді. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы
болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, ертең мәдени-ғылыми орталық болады. Астана жаңа атауымен орын алды. Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі «Қазақстан астананың экономикалық дамуының негізі».