Қыс келді. Түн ұзара бастады,Қар қалың жауды, Аяз қатты болады, Өзен суы мұз болып қатты, Балалар далада қармен ойнады,Қардан ойыншықтар жасады,Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр,Бәрі жылы киім киген,Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!
Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
1 мамыр жайлы диалог.
- Алихан, сенің сүйікті мейрамың қандай?
- Мадина, мен барлық мерекелерлі де жақсы көремін. Дегенмен, екі мейрамды аса қатты асыға күтемін: бірі – Наурыз мейрамы болса, екіншісі – 1 мамыр мерекесі.
- Наурыз - жыл басы, ол түсінікті. Ал бірінші мамыр мерекесін не үшін жақсы көресің?
- Себебі, бұл мереке ірі мерекелердің бірі, сонымен қатар ел ішіндегі ұлтаралық келісім мен өзге ұлттардың бір - біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттайтын мереке.
- Ия, сенімен толықтай келісемін. Бұл мерекенің де маңызы зор екен. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп аталарымыз бекер айтпаған ғой.
- Дұрыс айтасың, бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
- Шынымен де, әрбір ұлттың рухани құндылықтары мен ұлттық салт - дәстүрлерін насихаттап, келер ұрпаққа саналы тәрбие беруде бұл мерекенің маңызы мен алар орны ерекше екен.
- Мереке қарсаңында қандай тілек білдіруші едің?
- Бейбіт еліміздің тыныштығы мәңгілік болып, көк аспанымызда тек бейбітшілік құсы қалықтасын!