Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
Аяз атаға хат жазу.
Сәлеметсіз бе, құрметті Аяз Ата!
Қал – жағдайыңыз, денсаулығыңыз жақсы ма?
Барша әлем балалары Жаңа Жыл жақындаған сайын сізді тағатсыздана күтіп, өз хаттарын жолдау үстінде. Мен де сол сиқырға сенетін балалардың бірімін.
Есімім Ақмаржан, жасым сегізде. Биыл екінші сыныпта оқып жатырмын, сабақ үлгерімім жақсы, үздік оқушымын. Тәртібім де жақсы. Мектепте өткізілетін әрбір шараға белсене қатысқанды ұнатамын.
Бұл менің сізге жазып отырған үшінші хатым. Алдыңғы жылдары жазғанымда өзіме және кішкене бауырыма ойыншық сұрағанмын. Ол арманымдарымды орындағанына үлкен рахмет!
Сізден сұрайтыным сіздің тұратын жерге отбасыммен саяхат жасап, өз көзіммен көрсем деймін. Ол жер ғажайып сиқырға толы деп ойлаймын.
Сәлеммен, Ақмаржан.