Сөйлемге грамматикалық (морфологиялық+синтаксистік) талдау.
1) Синтаксистік талдау:
Келе жатқан – баяндауыш (не істеген)
Кестелеп тігу – бастауыш (не?)
Адам (ның) – анықтауыш (кімнің?)
Бейнесін,тұлғасын – толықтауыш (несін?)
Халқымызда – толықтауыш (немізде?)
Бұрыннан – пысықтауыш (қашаннан?).
2) Морфологиялық талдау:
1.Адам – түбір сөз (зат есім).
2.Бейнесін
Бейне – түбірі (зат есім),+сі – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н – табыс септігі жалғауы.
3.Тұлғасын
Тұлға – түбірі (зат есім),+сы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н – табыс септігі жалғауы.
4.Кестелеп
Кестеле – түбірі (етістік),+п – көсемше жұрнағы.
5.Тігу
Тіг (к) – түбірі (етістік),+у – тұйық етістік жұрнағы.
6.Халқымызда
Хал(ы)қ – түбірі (зат есім),+ымыз – тәуелдік жалғауының І жағы,+да – жатыс септік жалғауы.
7.Бұрыннан
Бұрын – түбірі (үстеу),+нан – шығыс септік жалғауы.
8.Келе
Кел – түбірі (етістік),+е – көсемше жұрнағы.
9.Жатқан
Жат (жатыр) – түбірі (қалып етістігі),+қан – есімше жұрнағы.
Ауызекі сөйлеу стилі — 1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. [1].
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б.
2. Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеология байқалады;
а) ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);
ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның қатаң түрі);
б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;
в) Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;
г) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді";
т) Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.