С D) оқылым
5-тапсырма. Мәтінді оқы. Ақпараттардың бүгінгі күнге
қажеттілігін талда.
Дағды мен ишара
Арқаға қағу бір адамға риза болу, ісін мақұлдау, қолпаштау
мағынасын білдіреді. Бұл
«рақмет, бәрекелді, жарайсың» де-
ген сөздердің орнына қолданылатын алғыс белгісі.
Алақанын уқалау бір іске құлшынысты білдіреді. Адамдар
іске ынталана кіріскенде, алақанын уқалайды. Алақанына түкі-
ру де осыны көрсетеді.
Бармақ көрсету. Ісі оңынан келген, жолы болған адамдар өзі-
нің көңіл күйін осындай белгі арқылы білдіреді.
Бармақ тістеу. Бұл дағды амалы құру, шарасыздық таны-
ту мағынасын береді. Халық өкінішті, шарасыздықты айтқанда
«бармағын тістеп қалды» дейді.
Бетін басу ұялған адамның іс-әрекетін білдіреді. Ұятты бол-
ған адамдар екі қолымен бетін басып, жұртқа қарай алмайды.
Жайшылықта бетін басу
жаман ырым.
Бүйірін таяну. Бұл — жаман ырым. Әдетте қайғы-қасіретке
ұшыраған адамдар екі бүйірін таянады да, дауыс қылады, жы-
лайды. Осыған сәйкес жастарға «бүйіріңді таянба» деген тыйым
айтылады.
Бөркін аспанға ату – қатты қуану, шаттану дағдысы. «Бөркін
аспанға атып қуанады» деген сөз осыдан шыққан.
Жағасын ұстау. Бұл қатты қорықты, шошыды дегенді
білдіретін ұғым.
Жағын таяну. Бұл — торығу, қамығу, мұңаю белгісі.
Жұдырық түю – «Көресіні көрсетемін» деген күш, сес көрсе-
тудің нышаны.
(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарыкітабынан)