
Объяснение:
-Сәлеметсіз бе?
-"Зергерлік өнер" көрмесіне қош келдіңіз!
- Рахмет!
-Жүріңіз,мен сізді көрмедегі бұйымдармен таныстырайын.
-Өте жақсы болар еді.
-Әуелі зергерлік бұйымдардан бастайық.
-Кешіріңіз, әшекей неден,қандай металдан жасалған?
- Бұл әшекей бұйымдар күмістен жасалған.
-Ол қай кезде,қай жылдары жасалған?
-Бұл әшекейлер ХХ ғасырдың бас жағында жасалған.
-Өте әдемі жасалған,жақсы сақталған екен. Мына әшекейлерге қандай асыл тастар жапсырылған?
- Белдіктерге маржан тастар жапсырылған,ал жүзіктерге ақық тастар жапсврылған.
-Рахмет сізге көрме маған ұнады.
-Сау болыңыз!
Абайдың шын аты - Ибраһим. Ол киелі шаңырақ - Шыңғыстаудың тумасы. Біз Абайды ең бірінші ұлтымыздан шыққан бас ақын деп танимыз. Абай шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Оның өлеңдері дүниетанымдық тереңдігімен құнды.
Маған ақынның: "Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан"- деген өлең жолдары ұнайды. Себебі, бұл жолдарда ақын: "бір өнерді үйрен. Ғылымды меңгер. Маман иесі бол"- деп бізге өсиет айтқан деп түсінемін.