Қазіргі кезде короновирустың кесірінен барлық балалар,студенттер қашықтықтан оқып жатыр.Қашықтықтан оқу" WhatsApp" желісі арқылы өтіп жатыр.Бұның жақсы жəне жаман жақтарыда бар.
Жақсы жақтары:Бұл біздің өмірімізді,денсаулығымызды сақтау үшін керек.Қашықтықтан оқыған қауіпсіз деп табылады.Жəне де Білім Менистрліктегі адамдар бізге қолайлы болу үшін басқа да заңдар шығарып жатыр.
Жаман жақтары: Білімді дұрыс ала алмаймыз. Біз балалар апайлардың түсіндірулерінсіз сабақты ұғына алмаймыз.Бұлай оқудан балалардың білімі төмендейді.
Бірақ қарап тұрсақ бұл біздің өмірімізді жақсарту үшін керек.Егер далаға шықпай,карантинді жақсылап ұстайтын болсақ,онда вирусты да тезірек женеміз.
ДИАЛОГ
Қазақстан көпұлтты мемлекет
-Сəлем,Айша
-Сəлем ,Мария
- Айша мен сеннен бір нəрсе сұрайын деп едім.
-Сұра
- Біз ата -анамызбен бірге Қазақстанға көшіп келдік.Осы біздерден басқа Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері тұра ма?Жəне де олар кімдер?Қанша ұлт өкілдері бар?Сенің басқа ұлт өкілдерінен достарын бар ма?
-Қаншама көп сұрақ.Əрине сендерден басқа ұлт өкілдері тұрады.Мысалы,Қытайлықтар ,Кəрістер,Немістер ,Қырғыздар жəне т.б.Осы Қазақстанда 2009 жылғы санақ бойынша 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді.Осыншама ұлт өкілдері тұрған соң əрине достарым бар.Мысалы,сен,Ким Дана Иан...
-Ал сен кəрістердің Қазақстанда қаншасы тұратының білесін бе?
- Ия.Қазақстанда кəрістердің 107 мыңнан астамы өмір сүреді.
-Рақмет Айша.
-Оқасы жоқ Мария.
ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОЭПИЯ
Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.
Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.
Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу заңдылығы
Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір - біріне үндесіп айтылуы керек.
Ілгерінді ықпал
Жазылуы айтылуы
Көрікбай Көрікпай
Көк гүл Көк күл
Қас жау Қаш жау
Ашса Ашша
Ішсе Ішше
Қашса Қашша
Ала көз Ала гөз
Алып бер Алып пер
Тоқ бала Тоқ пала
Жүріскер жүрісгер
Қайнар көз – қайнар гөз
Қайнар бұлақ – қайнар бұлағ
Кейінді ықпал
Жазылуы айтылуы
Жанболат Жамболат
Кек алу Кег алу
Қара ала Қарала
Сақ адам Сағ адам
Он бес Ом бес
Есенбай Есембай
Көп бала Көп пала
Тоқ екен Тоғ екен
Бозша торғай – бошша торғай
Бозшағыл – бошшағыл
Бой алдыру – бойалдыру
Бой түзету – бойтүзету
Бойкүйездік – бойкүйестік
Жүрек айну – жүрег айну
Қаз табан – қас табан