Waleri2579
24.04.2020 14:08

1.Аң-аулау үшін жауынгердің бойынан табылатын қарыздарға шоқпар,садақ,найза,қылыш,айпалда жатады. 2) Негізгі терімшілікпен айналысқан ежелгі адамдар қарыздар ойлап тапты.Олар солай өз ойын жетілдірді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
marmeladka0907
18.01.2020 13:02

              Қыран құсты қастерлеген халықпыз.

Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол  батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.

0,0(0 оценок)
Ответ:
амаеру
13.01.2020 18:51

Әсет: Әже, Наурыз көже деген не?

Әже: Балам, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.

Әсет: Ол қандай тағамдардан әзірленеді?

Әже: Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз.

Әсет: Неліктен осы тағамардан ғана әзірленеді? Меніңше, оның өзінің мәнісі бар.

Әже: Әрине, балам. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді. Әдетте, сүрленген ет қосылады, бұл «ет көп болсын» деген мағына білдіреді. Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды. Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.

Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.

Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.

Әсет: Мен бұрын бұл тағамның маңыздылығын білмеппін. Сізге көмектесейін?

Әже: Әрине, жаным. Қолдарыңды жуып кел, бірге әзірлейік.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота