Жер шарындағы әрбір адам бейбіт өмірді қалайды. Менің ойымша, дүниедегі ең үлкен бақыт – соғыстың болмауы. Қарулы қақтығыстар жиі болатын мемлекеттерде, адамдар үнемі қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Тіпті, қарсыласын жеңіп, аумағын ұлғайтқанның өзінде, ешқандай халық өзін қуанышты сезінбейді. Өйткені, соғыс бар жерде, өлім де бар. Ұлдарынан, күйеулерінен және әкелерінен айырылған отбасылар, олардың батыр екенін білгенімен, қаза болған жақындарын қайтара алмайды. Соғыс адамзаттың дамуына кедергі келтіреді. Ол көптеген табиғи ресурстарды, ақшаны, уақытты және адам өмірін қажет етеді. Әскери жанжалдардың кесірінен, біз маңызды технологиялық жетістіктерге кеш жеттік. Әрине, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге үлкен алғысымды айтамын және жеңіске жету қаншалықты қиын болғанын түсінемін. Бірақ, мұндай соғыстың болашақта қайталанбауын қалаймын. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы, басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста. Біз ертең не жейтіңіміз, қайда ұйықтайтыңымыз туралы ойланбай, толыққанды өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, осы бейбіт өмірді сақтап қалуға тырысыумыз керек.
Әлемдегі ең үлкен әрі ең әдемі субұрқақ Дубайда орналасқан. Субұрқақ бір мезгілде би билеп, ән айтады . Осы ғажайып туынды іске қ пакетған сәттен бастап, ол миллиондаған туристер мен қала тұрғындарының көзайымына айналды.
Субұрқақ адам сенгісіз әдеміліктегі пішіндер мен мүсіндерді жасай отырып, суды 150 метр биіктікке көтереді. 6600 түсті индикатордың және түрлі-түсті 50 прожектордың көмегімен мыңдаған нұсқалы көріністерді көрермен назарына ұсынады. Субұрқақ өз билерін классикалық әуендермен қоса, заманауи әуендерге сай орындай береді. Осы бір әлемдегі ең үлкен ғана емес, ең қымбат субұрқақтың құрылысына 210 миллионов долларов жұмсалған.