Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады. Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1) жіктеу есімдігі: біз, сендер т.б.
2) сілтеу есімдігі: мынау, сол т.б.
3) сұрау есімдігі: қашан? неше? т.б.
4) өздік есімдігі: өз, өзім т.б.
5) жалпылау есімдігі: күллі,бәрі т.б.
6) болымсыздық есімдігі: ешкім, ешқашан т.б.
7) белгісіздік есімдігі: әркім, әрқашан т.б.