5. Өлеңді оқы. Дүйсенбіде – басы ауырып жатты, Сейсенбіде іші ауырды қатты. Сәрсенбіде аяғы ақсады. Бейсенбіде азу тісі қақсады. Жұма күні жөтел қысып, Сенбі күні тобығы тайыпты... Ал жексенбіде құлан-таза айықты. Сонда оның сырқатын қалай атау лайықты? Марат Нұрқалиев • Өлеңде қандай бала суреттелген деп ойлайсың? • Ол неліктен жексенбі күні ауырып калмады? Ойыңды бөліс. • Өзің жексенбі күнді қалай өткізесің? • Өлең кейіпкері туралы өз пікіріңді айт. • Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.