kristinabelousova005
12.09.2021 05:29

Жазып, 6-тапсырма. Бала Абайға, ақын Абайға, ел билеуші Абайға,
дана Абайға мінездеме беріңдер.
ерттеді?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
skrimiks
17.01.2022 03:55

Жарты ғасыр ғұмыр кешкен қазақ елі о бастан ешкімге тәуелді емес. Елдіктің жолында еңсесі биік. Қылыштан май емес, қан тамған күндер көп болды. Бесіктегі нәрестенің де басы алынған күндерді артқа тастады. Азаматпен қатар ақ жаулықтылар да атқа отырып, жауға шапты. Тарихтың әр парағында қуанышқа қарағанда қайғының орны басым. Намыс пен рух, жігер мен қайрат қазақтың қанына сіңген қасиет. Қызым күң болмасын, ұлым құл болмасын деп қасық қаны қалғанша күрескен талай жауынгердің есімі әрдайым ел есінде.

Бодан болған бірнеше жылдың ішінде баяғы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кезді кім аңсамады дейсіз?! Жайлауда ән салып, қансонарда бүркіт баптаған қазаққа тар қапаста күн кешу оңай болмасы белгілі. Тәуелсіздік – талай түнгі тілек. Ел болып, етек жинағалы да ширек ғасыр өтті. Әлемдік аренада атымыз алтын әріппен жазылмаса да, көштің соңында жүрген қазақ жоқ. Қай жағынан болмасын, болмыспен биік болып жүрміз.

Ұлттың ұлы арманы орындалды. Көлеңкелі күндер де, көлеңке болған күндер де келмеске кетті. Керей мен Жәнібек қазығын қадап, Қасым мен Есім керегесін кеңіткен, Тәуке мен Абылай шаңырағын ұстаған алаштың бүгінгі күні де жаман емес. Елбасымыз сол қара шаңырақты шайқалтпай, кемшілігімізді байқатпай, болашаққа бағытталып келе жатырмыз. Бозбалалықтан жігіттікке өткен бүгінгі күнде жеткен жетістік пен жеңіс көп. Орда бұзар отыздың да ауылы алыс емес.

0,0(0 оценок)
Ответ:
gyuzal1
17.10.2021 05:36
Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргіБатыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.

Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген СұлтансиықтыңҚызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.[2] Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. 1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.

Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш,Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота